{metadescription}
Елорданың көктайғағынан екі күнде 60 адам зардап шекті
Елорданың көктайғағынан екі күнде 60 адам зардап шекті

Елорданың көктайғағынан екі күнде 60 адам зардап шекті

Елордаға жауған қалың қар қозғалысты тежеп тұр. Екі күннің ішінде көшедегі көк мұзға тайып жығылған алпыс адам дәрігерлер көмегіне жүгінген. Оның тең жартысы – балалар.

Мұзға тайып жығылған науқастардың басым көпшілігі білегі мен тобығын ауыртып алғандар. Қазір қалада зардап шеккен тұрғындарға төрт травматологиялық бөлімше мен жиырма травматологиялық кабинет қызмет көрсетіп жатыр. Ем алуға өзіңіз тіркелген мекемеге баруыңыз керек. Оны 109 қысқа нөмірі арқылы білуге болады.

Алексей Солод, травматолог:

- Оларға көмек көрсететін ауруханалардың барлығы штатты режимде жұмыс істеп тұр. Өз кезегімізде біз тұрғындарға қардан тазаланбаған қараңғы көшемен жүрмеуге кеңес береміз. Мұзға тайып құлаған адам көрсеңіз, жедел жәрдем шақырыңыздар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.