{metadescription}
Қостанай облысында мұзға құлаған үш баланың біреуі аман қалды
Қостанай облысында мұзға құлаған үш баланың біреуі аман қалды

Қостанай облысында мұзға құлаған үш баланың біреуі аман қалды

Қостанай облысында мұздың астына түсіп кетіп, кейін ауруханаға жеткізілген баланың жағдайы жақсарды. Жеткіншекті толық бақылауда қараған дәрігерлер оған қатты суық тигенін айтады. Баланың өміріне еш қауіп жоқ.

Жітіқарада үш жеткіншек ойнап жүріп мұздың астына түсіп кеткен. Соның салдарынан екеуі қаза тауып, біреуі ауруханаға жеткізілген. Ойын балалары жасанды су қоймасының бетіне қатқан мұзды қалың деп ойласа керек. Орта тұсына сырғанай бергенде мұз ойылып, балалар тереңдігі екі метр суға батқан. Ұлдардың жанұшыра айқайлаған дауысын жағалауда жүргендер естіп, полицияға хабар береді. Оларға көмектеспек болған 65 жастағы зейнеткер де зардап шекті.

Ксения Жылқыбаева, Қостанай облыстық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз хатшысы:

2013-2014 жылы туған балалардың өмірін сақтап қала алмадық. Өйткені олар суық су астында ұзағырақ қалып қойған. Ал сегіз жасар баланың беті бері қарады. Ол жансақтау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 тамыз

29 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде