Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ипотекалық несие алу енді қолжетімді болады
Баспана ипотекалық ұйымы мен Қазақстанның орнықтылық қоры бірікті. Екі компанияның да жалғыз акционері – Ұлттық банк осындай шешім қабылдады.
Автор: Асқарбек Қазанғап
06.01.2020
Енді ипотекалық ұйымның осыған дейін атқарған жұмысы қорға жүктеліп отыр. Бұдан компанияның бағдарламалары тоқтамайды екен. Екінші деңгейлі банктерді қаржыландыру жалғаса бермек. Ұлттық банктің айтуынша, мұндай қадамның қарашаға еш кесірі жоқ. Керісінше, ипотекалық несие алу одан сайын қолжетімді болады дейді олар.
Қайта ұйымдастырылған компанияның бұған дейін іске асырып келген барлық бағдарламалары сақталады. Сонымен бірге, әрбір қазақстандық отбасы үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру бойынша миссиясы өзгеріссіз қалады. «720-25» және «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламалары өз қызметін жалғастыра береді.
ҚР Ұлттық банкі
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram