{metadescription}
0:000:00
Жаңаөзенде жүргізушілер автогаз құнының шарықтап көтерілгеніне наразы

Жаңаөзенде жүргізушілер автогаз құнының шарықтап көтерілгеніне наразы

Жаңаөзенге жаңа жыл қымбатшылықпен келді. Мұнда сұйытылған газдың бір текше метрінің бағасы 10 теңгеге бір-ақ өскен. Күн сайын шарықтап келген автогаз құнының тағы да көтерілгенін естіген жүргізушілер наразылық білдірді. Олар қала әкімдігінің алдына жиналып, өз ойларын биліктегілерге жеткізбек болды.

- Мына отырған Жаңаөзен халқы үш км жерде «Каз ГПЗ» зауытынан қымбат бағаға электрондық сауда алаңына 90 мың теңгеге алу керек. Негізсіз. Ешқандай негізсіз, қымбат бағамен. Өздері өндіріп, өздері шығарып, ең соңында 6065-тен баға қазір көтеріліп жатыр. Ушығып жатыр.

Жиналғандардың мұңы ортақ. Жыл басынан басталған қымбатшылық жүргізушілерді әкімдік алдына еріксіз әкелген. Өйткені ай сайын өсіп отыратын көгілдір отын бағасы тағы көтеріліп, Жаңаөзенде текше метріне 65 теңгеге жеткен. Ал көрші Ақтауда әлі де 55 теңге боп тұрақталып тұр. Көліктеріне сұйытылған газды қолданатын жүргізушілер газ өңдеу зауыты осы Жаңаөзенде орналасса да, қымбатшылықтың дәл өздеріне келгеніне қапалы. Жиылған жұртпен жиналыс ұйымдастырған жауаптылар жағдайды барынша түсіндіруге тырысты. Олардың айтуынша, былтырдан бері көгілдір отынның бір бөлігі аукцион арқылы сатылады екен. Егер бұрын бұл өндірілген автогаздың жалпы көлемінің 5 пайызын құраса, қазір 20 пайызы шығады. Осылайша жүйені неғұрлым ашық етіп, зауыттарға ақша табуға мүмкіндік беру жоспарланған. Бірақ қазір нарықта аукционсыз, тікелей сатып алушылар пайда болыпты. Енді дүрбелең мен бағаның өсуіне жол бермеу үшін шенеуніктер жақын арада кәсіпкерлерге қосымша сұйытылған газ бөлінетінін жеткізді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде