{metadescription}
0:000:00
My love is Aйсұлу! Қоянбаев жігіттердің қыздарға неге өтірік айтатынын түсіндірді

My love is Aйсұлу! Қоянбаев жігіттердің қыздарға неге өтірік айтатынын түсіндірді

Тұрмысқа шыққыңыз келсе, Қоянбаевтың киносына барыңыз! «My love is Aйсұлу» комедиясы үлкен экранға шықпай жатып, алматылық ғашықтарды бір шулатып алды. Романтикалық комедияның әсер еткені сонша, жігіттердің бірі оның премьерасын пайдаланып, сүйіктісіне тура кинотеатрда үйленуге ұсыныс жасады. Ал сценарийіне тура осындай ғашықтардың ғажайып оқиғасы арқау болған су жаңа фильм 30-шы қаңтардан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетілмек.  

Бір-біріне құлай ғашық болған Санжар мен Айсұлудың оқиғасы. Ойда жоқта танысқан қыз бен жігіт бірден бір-біріне бауыр басып қалады. Бақыттан басы айналған жастарды Нұрлан Қоянбаев пен Әсел Сағатова сомдаған. Әдетте жұртты күлдіруден алдына жан салмайтын Қоянбаевқа қыздың жүрегін селк еткізетін сері жігіттің кейпіне ену қиынға соққан көрінеді.  

Дархан Сәркенов, режиссер:

- Менің ойымша, Нұрланға романтикалық кейіпкерді сомдаған аздап қиын болған сияқты. Бірақ мақсатын, тапсырмасын орындады. Жақсы ойнап шыққан сияқты. Нұрланның аты Нұрлан. Өзінің белгілі бір манерасы, ойыны бар.

Әсел Сағатова фильмде Қоянбаевтың сүйіктісін ойнауға бірден келіскен. Кез келген фильмге түсе бермейтін актриса сценарийді бірден ұнатыпты. Бірақ басты кейіпкердің бір кемшілігі бар. Ол сүйіктісіне көп өтірік айтады. Дегенмен кейіпкерін ақтап алғысы келген Қоянбаев жігіттердің қыздарға неге өтірік айтатынын былай деп түсіндіруге тырысты.           

Нұрлан Қоянбаев, актер, продюсер:

- Біз, қазақ жігіттері қыздарды көргенде жақсы боп көрінгіміз келеді. Сондықтан кейде бір қосып айтып қоямыз. «Мен мынадай жерде жұмыс істеймін». «Мені астанаға жұмысқа шақырып жатыр» деп. Өзімізге басқа образ береміз, қызға ұнау үшін. Алдау емес ол.

Кинодағы басты кейіпкер секілді продюсердің өзі де өмірінде тек бір рет ғашық болғанын айтады. Тура кейіпкері секілді сүйіктісінің артынан басқа қалаға іздеп барып үйленген екен. 

Нұрлан Қоянбаев, актер, продюсер:

- Таразға барсақ, ол кісі Таразда емес, Шымкентте екен. Содан әрі қарай Шымкентке бардық. Өте қызық болды. Сол екі-үш айда қыз ұзату жасап, үйленіп алдым.

Бірақ, қалыңдығына өтірік айтты ма, жоқ па, ол жағын жасырып қалды. Қалай дегенмен де, махаббат туралы киноның тұсаукесері тойға ұласты. Олай дейтініміз, фильмнің алдын ала көрсетіліміне келген жігіт тура экрнанның алдында тұрып сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасады.

Ешбір комедияға ұқсамайтын ерекше махаббат оқиғасынан сіз де құр қалмаңыз.

Туынды 30-шы қаңтардан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде