Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қауіпті вирус – коронавирустың экономикалық шығыны туралы
Қауіпті вирустың экономикалық шығыны да орасан. Әсіресе туризмнен табыс тауып отырған мемлекеттер үшін. Өйткені Тайланд, Макао, Гонкок, Хайнаньға баратын саяхатшылар саны еселеп азайыпты.
28.01.2020
Бұдан әуе компаниялары да зардап шегуде. Мәселен, «Эйр Астананың» өзі ақпан айында Бейжің мен Үрімшіге ұшатын кейбір рейстерді қысқартуға мәжбүр. Өйткені қауіпті вирустың кесірінен көрші елге ұшатын жолаушылар сапардан бас тартып жатыр.
Сондай-ақ «Қазақстан темір жолы» Алматы мен Нұр-Сұлтаннан Үрімшіге қатынайтын пойыздардың тоқтатылатынын хабарлады. Әзірге емі табылмаған инфекция әлемдік мұнай бағасына да әсер етті. Қазірдің өзінде қара алтын бағасы 0,36 пайызға арзандаған.
Қытай компанияларының акциялары да ауытқып тұр. Нарықтағы бұл өзгеріс біздің экономикаға әзірге қатты әсер етпегенімен, алдағы уақытта базарлардағы қытай тауарлары қымбаттауы мүмкін. Өйткені вирустың алдын алуға шекаралардағы сақтық шаралары күшейтіліп, «Қорғас» халықаралық сауда орталығы 15-ші ақпанға дейін жабылды. Ал бұл жерден тауар алуға елімізден күніне 3 мыңнан астам, Қытай жағынан 7 мыңға жуық азамат келеді. Егер ақпанның ортасына дейін көрші елдегі инфекциялық ахуал тұрақталмаса, Қорғастағы карантин тағы да ұзартылады. Сондай-ақ шекаралас аудандардағы ауруханалар да күшейтілген тәртіпке көшірілген.
Ғалымұрат Жүкел, Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы:
- ҚХР мен Алматы облысының үш ауданы шеттеседі. Ол – Алакөл, Панфилов және Ұйғыр ауданы. Ақпанның 15-не дейін «Қорғас» жұмыс істемейді. Бұдан бөлек, барлық шекарадағы тепловизерлер мен қауіпсіздік шаралары қаралды. Үш ауданның ауруханаларында инфекциялық бөлімдер ашылды. Барлық қажетті медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram