{metadescription}
0:000:00
Көкшетау теміржол вокзалындағы қауіпсіздікті еден жуушы қадағалап отыр

Көкшетау теміржол вокзалындағы қауіпсіздікті еден жуушы қадағалап отыр

Көкшетау теміржол вокзалындағы арнайы өткізу бекетті төрт ауысымдағы 36 инспектор бір мезетте тастап кетті. Олар жұмыстан кету туралы өтініш жазған. Мұндағы қауіпсіздікке жауап беретін компания жыл соңында кетіп, орнына Алматыдан басқа мекеме келіпті. Жаңа компания басшыларының талабымен жұмыс уақыты ұзарып, жалақы қысқарған. Инспекторлар осыған наразы. Енді тексерушілердің орнында еден жуушы отыр.

Стратегиялық маңызды нысанның қауіпсіздігіне жауапты мамандар. Басшыларына жұмыстан кету туралы өтініш жазып кетіп жатыр. Кетуіне жаңа басшыларының қойған талаптары себеп екен. 

Жанғали Төлеубаев, тексеру қызметінің инспекторы:

- Бәрін бердік те, кеттік. Біз тастамас едік. Барлық инстанцияға бардық, барлық жерге бардық. Бізді ешкім тыңдамайды. Енді сіздерді бір тәулік істеп, екі күн демалуға өткіземіз деп жатыр. Біз оған келіспейміз. Алдында былай сөйледі, енді басқаша сөйлеп жатыр. Жалақы ВЖДО-да қандай болды сондай болады деді. Енді өтірік айтып, бізді бейшара қылып тұр.

Көкшетау теміржолы арқылы еліміздің төрт бағытына тәулігіне 26 пойыз қатынайды. Ондағы 10 мыңнан аса жолаушының қол жүгін ғана емес, басынан бақайшағына дейін арнайы құрылғымен тексеріп өткізу осы инспекторлардың жұмысы. Осыншама жауапты жұмысты аяқ астынан тастап кетуге мәжбүр еткен мәселе көп дейді олар.

Соның бірі – күндік табыс азайғаны. Қолдарында телевизиялық рентген аппаратында жұмыс істеуге рұқсаты бар инспекторларға ешқашан өндірістің зияндығына ақы төленбепті. Ал қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тиіс жаңа компания басшылары неге бұлай істегенін түсіндіре алмады. Бар ойы тек қызметкерлерді қайтару.

Марат Ахметов, «СОП «Күзет» АҚ Көкшетау бөлімшесі бастығының орынбасары:

- Олар «СОП»Күзеттің» басшылығы қойған талаптарға риза болмай тұр. Мен оны шеше алмаймын. Не істеймін? Қалыңдаршы, жұмыс орнына барыңдаршы деп жалынып тұрмын. Әрине, күлкілі емес.

Анатолий Әбдірахманов, Ақмола теміржолы магистралдық бөлімшесінің бас инженері:

- Иә, осындай жағдай болып қалды. Қауіпсіздікке біз де жауап береміз. Құрылғыны актілеп, қабылдап аламыз қазір. Алматыдағы басшыларына хабар бердік. Осы жерден маман іздеп жатырмыз. Мәселені тезірек шешуге тырысамыз.

Ал әзірге басшылар мұнда инспектордың орнына еден жуушыны отырғызып қойыпты. Арнайы біліктілігі бар 36 инспектордың жұмыстан кетуге жазған өтінішіне әлі жауап қайтарылмаған. Ал вокзалдағы қауіпсіздікті қадағалап жатқан жан жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.