{metadescription}
0:000:00
Жалғыз құдыққа телмірген Сөгеті мен Мамай жұрты тағы сусыз қалды

Жалғыз құдыққа телмірген Сөгеті мен Мамай жұрты тағы сусыз қалды

Жамбыл облысында қос ауыл тұрғындарының күні жалғыз құдыққа қарап отыр. Оның өзі уақытпен беріледі. Кешіксең, қаталап қаласың. Жергілікті билік тіршілік нәрінен тарыққан жұрттың жайына әбден қанық. Алайда өзекті мәселені шешіп беруге қауқарсыз. Ауыз судың азабын тартқан бұқараның базынасын тілшіміз жеткізеді. 

Тұрар Рысқұлов ауданындағы Сөгеті мен Мамай ауылы жұртының аянышты хәлін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. 500-ге тарта тұрғынның күні жалғыз құдыққа қарап тұр. Оның өзі уақытпен беріледі. Ал тіршілік нәрінен қағылмас үшін бұқара таңнан тұрып кезек алуға мәжбүр.  

Мырзахмет Қарақұлов, Сөгеті ауылының тұрғыны:

- Күніне бір сағатқа ашылады, үлгерсең – алып қалдың, үлгермесең – келесі күнге дейін сусыз отырасың. Үш-төрт жыл бұрын аудан әкім «20-шы жылы су келеді» деген, бірақ күтіп жүрміз, әлі жоқ

Көзге оғаш көрінгенімен, ауылдың жағдайы осы. Бәрі жаппай арба сүйреп, шелекпен су тасып әуре. Айта кететін жағдай, адаммен қосылып мал да осы құдықтан су ішеді екен.   

Керімхан Абдиманов, Сөгеті ауылының тұрғыны:

- Мал да, ит те – барлығы осы жерден ішеді.

- Әкімдік өкілдері қандай да бір уәде беріп отыр ма?

- «Болады» дейді, 5 жылда, 6 жылда, бір болады дейді. Білмейміз, қашан болатынын.

Жұрттың әр үйге бір құдық қазып алуға ниеті болған. Алайда суы 150 метрден шығатын тау етегіндегі ауылға ол орындалмас арман. Көптің бар үміті шенеуніктерде. Бірақ ауыз су жайы жуық арады шешілмейтін тәрізді. Себебі, аудан бойынша тіршілік нәрі тартылады деген бес ауылдың тізімінде Сөгеті мен Мамай жоқ.   

Руслан Оразхан, Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары:

- Халық санымен ауылдардың бәрін, өзіміз бірінші үлкен ауылдарды суландырып, содан кейін кіші ауылдар. Сөгеті бізде кіші ауылдардың есебінде. Бірақ енді біз республикаға берген жоспарымызда, Сөгеті 24-жыл, Жалпақсазды 25-жылы дайындаймыз деп отырмыз.

Тұрғындар: «Әсіресе осы мезгілде жағдайымыз қиындайды» - дейді. Себебі, өзі қирағалы тұрған ескі құдыққа «мұз қатып, тамшы су ақпай қалады» деп жыларман. Елді мекенге кемі бес жыл таза су келмесі белгілі болды. Демек, ауылдағы ағайынның жалғыз құдықты аялап ұстаудан басқа амалы жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде