{metadescription}
0:000:00
АӘК-ті заңсыз алғандар. Даулы мәселенің көлеңкелі тұсы        

АӘК-ті заңсыз алғандар. Даулы мәселенің көлеңкелі тұсы        

Қарағанды облысында атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алды деген 350 отбасы жауапқа тартылуда. Еңбекпен қамту бөлімі сотқа сүйрегендер 33 миллион теңгені қазынаға қайтаруы тиіс. Дегенмен заңгерлер биліктің бұл әрекеті «заңға қайшы» дегенді айтады. Өйткені шенеуніктер әлеуметтік жәрдемақыны тағайындағанда арыз берушілердің табысын жіті тексермеген. Тілшіміз жәрдемақыны қайтаруға міндеттелген отбасы және заңгермен кездесіп, даулы мәселенің көлеңкелі тұстарын зерттеп көрді.      

Дүкеннің сары майын молынан алмаса, үйдегі тоғыз қарынға тойым болмайтынын Серсенбаевтар жақсы біледі. Кәмелетке толмаған 7 баласы бар отбасы әлеуметтік көмекті былтыр төрт ай алған. Алайда аузы асқа енді жарыған жанұяның берекесі ұзаққа созылмады. Күзетші болып істейтін отағасының қыста мектептің ошағына от жаққаны әшкере болыпты.

Назгүл Сәрсенбаева, Шахан қаласының тұрғыны:

- Судья айтады, дәл сол 16-сында тапсырғанда, жолдасыңыз жұмыс істеп жүріп, сіз өтірік айтқансыз деген. 16-сы күні бардыңыз, сол кезде екінші жұмысты айту керек дейді. «Ол маусымдық жұмыс» дедім. Жылу сәуірде тоқтатылады. Ол жерде менің кінәм жоқ.

Назгүлдің айтуынша, құжат тапсырғанда әкімдіктегілер қатты асықтырыпты. Бірді-екілі сұрақ қойып, жете білмейтінін айтса да, құжаттарын орыс тілінде толтыртып, қол қойдыра салған. Соттағы түсініктемеде мұның барлығы айтылды. Шенеуніктер отбасынан табысын тәптіштеп сұрағанын айтады. Бірақ ауызша ғана. 

Ғалым Өмірбеков, Шахан кентінің әкімі:

- Ол кезде бізде заң бойынша, бізде базалар сәйкес келмейтін. «ГБФЛ» дейді. Оны тамызда отырғызды. Сұрадық, қандай жер бар, қандай техника бар, ол кісілер бізге айтқан жоқ. Үкіметтің кінәсі жоқ бұл жерде, АӘК таспыратын адамдардан, өздері АӘК алуға Астанада, Қызылордада үйі барын, жері барын айтқан жоқ.

40 шаршы метрде тоғызы тығылып отырған отбасының Қызылорда мен Нұр-Сұлтанда дүниесі жоқ. Көмектен қағылуға тек әр жан басына шаққандағы белгіленген табыстан тиын-тебеннің асып түсуі себеп екен. Үкіметі жарылқап, жәрдемақы берген көпбалалы отбасы енді биыл сол төрт айда алған 517 мың теңгені қайтаруы тиіс.

- «517 мыңды қайдан алып төлейміз, қайдан көмек бар бізге? Ертең мен Алтын алқа алайын деп отырған анамын. Сонда маған Алтын алқаны не деп береді? Өтірікші қылды ғой бұлар, шыны керек».   

Заңгерлердің айтуынша, еңбекпен қамту бөлімі отбасының табысын егжей-тегжейлі тексеруі қажет болған. Ал ортақ база болмады деген сылтауы ақталуға жатпайды. Бір сөзбен айтқанда, олар бюджет қаржысын аухуалын ауызша айтқандарға ұстатып жіберіп отыр. Бұл мемлекет қаржысын мақсатсыз жұмсау. Сот жергілікті билікке сол үшін тек сөгіс жариялаумен шектеліпті.  

Нұржан Жалбыров, заңгер:

- Сот мойындады, прокурор да мойындады. Кінәсі бар мемлекеттік мамандардың. Сәуір айында арыз тапсырады. База қалтасындағы ақпарат емес. Заң бойынша мамандар қарап айтады. Базада болса, Нәзгүл оны өзі тіркемейді ғой. Назгүл жұмыс істеген мекеме үкіметтік мекеме. Уақытында сол ақпарат тіркелетін болса, мұнда Назгүлдің еш кінәсі жоқ.

Мамандардың айтуынша жұмыспен қамту орталықтары осындай отбасыларға берілген жәрдемақыны толық талап етпесе де болады екен. Тек жан басына шаққандағы күнкөріс шегі 20897 теңгеден асқан соманы сұраса, заңға қайшы емес көрінеді.

Ал отбасымен жасалған әлеумметтік келісім шартта қаражатқа жауапты тұлға жұмыспен қамту бөлімі деп көрсетілген. Яғни жергілікті әкімдік қызметкерлері мен әкімнің өзі. Сондықтан Қарағандыдағы азаматтық кеңес заңгерлері сотта тауы шағылғандардың басын қосып, облыстық Еңбек департаментін сотқа бермек. Түптеп келгенде мемлекет қаржысын оңды-солды үлестіргендердің өздері сол қаражатқа жауап беруі керек. Жемқорлыққа қарсы агенттік пен прокуратураға да арыз түсірмек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде