Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Жұрт жанармайдың шарықтауын түсіне алмай дал
Елімізде доллармен бірге бензин де қымбаттады.
12.03.2020
Алматыдағы кейбір жанармай бекеттерінде сұранысқа ие АИ-92-нің бір литрі 159-160 теңгеден сатылып жатыр. Ал осыған дейін бензиннің түрі 155-156 теңге тұратын. Кей бекеттер бұрынғы бағаға тек бір теңге қосып қойыпты. Ал тапқан-таянғанын көлігіне құятын жүргізушілер бұған наразы. Өйткені қарапайым жұрт мұнай арзандап жатқанда, жанармайдың шарықтауын түсіне алмаймыз дейді. Қос бүйірден қысқан қымбатшылыққа атқамінерлердің жауабы қашан да дайын. Олар жанармай бағасына үкімет араласпайды, бәрін нарық реттейді деген болатын. Сондықтан сұйық отынды кәсіпкерлердің ойына келген бағамен сатуына ешқандай тыйым жоқ.
Жүсіп Шынбай, Алматы қаласының тұрғыны:
- Бензин қымбат. Жалақы сол қалпы. Қалтадан ұрып жатыр. Ақшаның құны жоқ. Бес мың теңгеге дүкеннен түк сатып ала алмайсың.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram