Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Канада премьер-министрі коронавирус күдігімен оқшауланды
Әлемді жайлаған індетке шалдыққан танымал тұлғалардың да саны көбейіп жатыр. Мәселен, Канада премьер-министрі кесел жұқтыруы мүмкін деген болжаммен оқшауланды.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
13.03.2020
Себебі, Жастин Трюдоның әйелінен коронавирус анықталған. Ал бүгін Австралия ішкі істер министрі Питер Даттонның вирус жұқтырғаны белгілі болды. Қазір шенеунік ауруханада жатыр. Қауіпті кеселге бірнеше әйгілі спортшы да шалдыққан. Олардың қатарында Ювентус футбол клубының шабуылшысы Паоло Дибала, Чели ойыншысы Хадсон-Одои мен «Арсеналдың» бапкері Микель Артета да бар. Сондай-ақ, мадридтік «Реал» баскетболшысынан індет табылған. Қазір аталмыш клубтың барлық спортшылары карантинде жатыр. Чемпиондар лигасындағы «Реал» мен «Манчестер Сити» арасындағы қарымта ойынның да қашан өтетіні белгісіз. Вирус тараған елдерде баскетбол, футбол және хоккей жарыстары кейінге қалдырылды. Соңғы мәлімет бойынша, әлемде 131 мыңнан астам адам вирус жұқтырып, 4 мың 693 науқас көз жұмған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram