Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Оралда өзін өлтірмек болған 17 жасар қызға екі қылмыстық іс қозғалды
Оралда 17 жастағы қыздың кесірінен бірнеше аудан жарықсыз қалды. Өзіне қол жұмсамақ болған ол электр бағанасының басына шығып алған. Құтқару үшін мамандар жарықты ажыратуға мәжбүр болыпты.
Автор: Жаңалық Ахаш
19.03.2020
- Қарақұрым халық, әне, жоғарыда, көрдің бе? Телефонын қопарып отыр. Ең жоғарыда.
Құтқарушыларға көмекке сол маңдағы куәгелер келді. Олар бойжеткен бағанадан секірген жағдайда, «жайманың үстіне түссін» деген оймен қалың алашаны ұстап тұрған. Бірақ ол психологтардың дегеніне көніп, жерге өзі түсті. Бойжеткен алкогольдік ішімдікке сылқия тойып алған. Енді үстінен екі бірдей қылмыстық іс қозғалды. Қоғамдық орында мас болғаны және бұзақылық жасағаны үшін жауап береді. Оның әке-шешесі де жазасыз қалмайды. Кәмелетке толмаған қыздарының қылығы үшін айыппұл арқалайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram