{metadescription}
42500 теңгені қалай аламыз? Қарапайым тілмен түсіндірсек...
42500 теңгені қалай аламыз? Қарапайым тілмен түсіндірсек...

42500 теңгені қалай аламыз? Қарапайым тілмен түсіндірсек...

Әлеуметтік көмектің әлегі! Карантиннің кесірінен жұмыссыз қалған азаматтар әлі де үкіметтен берілетін 42500 теңгені қалай аламыз деп бас қатырып жүр. Өйткені қарапайым халық бұл қаржының әлі кімге берілетінінен хабарсыз. Ал еш жерде жұмыс істемейтін тұрғындар тіпті үмітін үзген. Бұл аздай, өтініш беруге арналған электронды үкімет порталы мен телеграм боттар да тұралап тұр. Осындай қысылтаяңда 42500 теңгені қалай алуға болады? Бұл ақша кімдерге тиесілі?

Карантиннің кесірінен терезеге телміріп, төрт қабырғаға қамалып қалғандар көп. Әсіресе Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласының тұрғындары екі аптадан бері ешқайда шықпай үйде отыр. Бір сөзбен айтқанда, барлығы уақытша табысынан айырылды. Күнделікті нәпақасынан қағылып, үйінде жіпсіз байланғандардың бірі – Еркебұлан. Алматы тұрғыны еш жерде ресми жұмыс істемейді. Бірақ отбасын асырау үшін құрылыс жағалап күн көріп жүрген. Арасында көлігімен жолаушы тасып, тиын-тебенін табады. Алайда карантин басталғалы барлығы тоқтаған. Бұған дейін ешкімге алақан жайып көрмеген азамат  осындай қысыл-таяңда үкімет өзегімді талдырмас деп үміттеніп отыр.

Еркебұлан Оспанов, Алматы қаласының тұрғыны:

- Жолдасым ойын-сауық отауында істеген. Ол кісі де үйде отыр. Екеуіміз бірдей қаңтарылып үйде жатырмыз. Оның да ойын-сауық орталығын жауып тастады. Енді қалай күн көреміз? Мемлекетке сенеміз. Осы уақытқа дейін үкіметтен ақша сұрап көрген жоқпыз. Мына 42500 теңге шешілсе, жақсы болар еді, нанымызды, шәйімізді алатын.

Елімізде Еркебұлан секілді еш жерде тіркелмеген азаматтар өте көп. Олар да үкіметтен берілетін 42500 теңгені алуға толық құқылы. Ол үшін бейресми жұмыс істейтіндер бір рет жиынтық салығын төлеуі тиіс. Тек сонда ғана қоғамның көлеңкесінде қалып қалған мұндай азаматтарға әлеуметтік көмек төленеді.

Біржан Нұрымбетов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

Осындай әлеуметтік төлемдері жоқ азаматтар бар. Ешқашан төлемеген азаматтар бар. Олар бейресми жұмыс істеп жүргендер. Олардың еңбек-шарттары жоқ, салық төлемейді. Олар күнкөріс бола тіршілікпен айланысып, табыстарынан айырылды. Бірыңғай жиынтық төлемді төлесеңіздер жеткілікті. Ол 2651 теңге қалалық тұрғындарға және 1325 теңге ауылдағы тұрғындарға. Осыны бір төлесеңіздер, 42500 теңгені ай сайын алатын боласыз.

Енді осы 42500 теңгені қалай алуға болады? Соны қарапайым тілмен түсіндіріп көрейік. Ол үшін электронды үкімет порталына кіріп өтініш бересіз. Егер үйіңізде компютер болмаса, ұялы телефонға телеграмм қосымшасын жүктеп алу керек. Осы жердегі іздеу батырмасы арқылы Egovkzbot парақшасын тауып алып, жеке мәліметтеріңіз бен банк есеп-шоттарын енгізу қажет. Өтініш беру үшін электронды кілттің де қажеті шамалы. Барлығын үйден шықпай-ақ рәсімдеуге болады.

Алайда айтқанға жеңіл болғанымен, жеме-жемге келгенде бұл сайттарға тіркеліп өтініш беру мүмкін болмай тұр. Өйткені электронды үкімет порталы көп адамның нөпірін көтере алмай жұмысы баяулаған. Сондықтан техника тілін білетін мамандар бүгін-ертең бұл кемшілікті жойып, онлайн өтініш беруге болатын барлық порталдары іске қосамыз деп уәде беруде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.