{metadescription}
0:000:00
Қаңғыбастар карантинде қайда жүр

Қаңғыбастар карантинде қайда жүр

Алматыдағы қаңғыбастар карантин кезінде қаланың сыртына шығарылып тастады деген ақпаратты полиция теріске шығарды. Олар үйсіз-күйсіз жүргендердің үнемі арнайы орталыққа жеткізілетінін айтады. Ал осыған дейін қаңғыбастардың қала сыртында тентіреп жүргенін көрсететін видео тараған еді.

- Барлығын әкеліп тастады. Бәрі талдың арасына кетті. Жас балалар, үлкен кісілер, шал-кемпірлер...

Әлеуметтік желіге лезде таралған видеода панасыз қалған адамдардың бірі өзін баз біреулер шаһардың шетіне көлікпен әкеп тастағанын айтады. Бейнекөріністен не істерін білмей қаңғып жүрген бірнеше адамды байқауға болады. Тіпті тал түсте жерде ұйықтап жатқандарды да бар. Бірақ полиция тексеру барысында бұл азаматтардың әу баста қала сыртында жүргенін анықтаған. Қазір дала кезіп жүргендер бейімдеу орталығына оқшауланыпты. Арнайы орталықта тұрақты мекен-жайы жоқ 142 адам жатыр екен. Тәртіп сақшылары дау болған видеода қаңғыбастардың ішімдікке сылқия тойып алғанын жеткізді. Сондықтан олардың сөзінде салмақ жоқ дейді полиция.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ПД ресми өкілі:

- Бұл үй-жайы жоқ азаматтар болып шықты. Ешқандай қолында құжаты жоқ. Алматы қаласында тұрғылықты жері жоқ. Полиция қызметкерлері осындай азаматтарды айқындайтын болса, арнайы орталыққа жеткізеді. Егер орталыққа сыймаған жағдайда, біз қосымыша уақытша орындарды қарастырып отырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде