Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматы жолаушыларына 27 мың теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін
Алматылық полицейлер қоғамдық көлік жолаушыларын тексеруге кірісті. Олар автобустағы адамдардың карантин кезінде қалада жүруге рұқсаты бар-жоғын анықтауда. Арасында шектеуге көз жұма қарап, мақсатсыз жүрген тұрғындар табылып жатыр.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
09.04.2020
Арнайы рұқсаты болмаса да, қоғамдық көлікпен қала аралаған тұрғындар түрлі сылтау айтады. Бірі базарға азық-түлікке бара жатқанын жеткізсе, енді бірі жақын туысымның үйіне жол тарттым деп түсіндіруде. Карантинді елемеген кей азаматтар бетперде де кимеген. Бірақ полицейлер әзірге оларды жазалап жатқан жоқ. Тек ереже туралы түсіндіру жұмысын жүргізуде.
Алдағы уақытта мұндай жолаушыларға 10 айлық есептік көрсеткішке, яғни 27 мың теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін екенін ескертеді. Жалпы мегаполисте карантин басталғалы тәртіпке бағынбағаны үшін мыңға жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram