Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақстандық ғалымдар қауіпті вирустан емдеудің бір амалын тапты
Ауруды ауыздықтауда антиденелер қаншалықты тиімді? Қазақстандық ғалымдар коронавируспен күресте осы антиденелерді қолдануды қош көріп отыр. Яғни, қауіпті кеселден айыққандардың иммунитеті түзген вирусқа қарсы зат – қан арқылы басқа науқастарды емдеуде қолданылуы мүмкін. Мұндай тәжірибені қазір АҚШ пен Ресейдің ғалымдары жасап жатыр екен. Ал елімізде антиденелерді анықтауға 22 мыңдай азаматтан сынама алынған. Коронавирустың емін іздеп тер төгіп жатқан ғалымдарды тілшіміз тыңдап келді.
Автор: Нұрқанат Омарұлы
21.04.2020
Қауіпті вирустан емдеудің бір амалы табылды. Ол үшін СОVID-19-дан құлан-таза айыққанның қаны керек. Нақтысы, қан құрамында иммунитеттің құдыретімен түзілген антиденелер қажетті. Бірақ бұл плазмалар мен антиденелер кез келген ағзада түзіле қоймайды екен. Науқастарды осы жолмен емдеуді біздің мамандар қош көріп отыр.
Арнұр Нұртаев, «Дəрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының» бас директоры:
- Иммунды-ферменттік талдау тестілері сатып алынды. Жуырда Қазақстанға әкелінеді. Бұл тесттер арқылы адам ағзасында антиденелердің бар-жоғын ғана емес, мөлшерін де анықтаймыз.
Бүгінде 450-ден астам науқас дерттен айығып шыққан. Яғни, бұл азаматтардың бойында антиденелер түзілуі әбден мүмкін. Бірақ қан құрамында қажетті плазма бар екенін анықтай салумен шаруа бітпейді. Мұнда медицина терең саралайды.
Динагүл Баешева, медицина ғылымдарының докторы:
- Және оған кім болса, соны ала бермейміз. Мысалы, гепатитпен ауырған, басқа аурулары бар адамдар оның ішіне кірмейді. Оның ішіне, көбінесе, иммунитеті жақсы, жас адамдар, ешқандай қосалқы аурулары жоқтар кіреді.
Айта кету керек, коронавируспен күресте антиденелер мен плазмалардың пайдасы барын АҚШ және Ресей мойындап, қазір осы төңіректе нәтиже шығармаққа тер төгіп жатыр.
Дмитрий Еделев, сарапшы:
- Айығып шыққандардың қан құрамында плазма мен антидене бірдей мөлшерде болса, емдеу шараларында пайдасы арта түседі. Өз тәжірибеммен бөліссем, коронавирустан емделіп шыққан азамат басқа науқастарды емдеу үшін қан тапсыруға өтініш білдірді. Солармен жұмыс істеп жатырмыз.
Бүгінде елімізде 22 мыңдай азаматтан сынама алынған. Олардың 350-ге жуығында қажетті антиденелер табылып отыр. Адам баласы үміт артып отырған антиденелер ағзаны басқа вирустардан да аластауда қолданылған. Ал коронавируспен күресте қаншалықты тиімді екен, оны отандық ғалымдар әлі зерттеп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram