{metadescription}
0:000:00
Асылып өлген адамнан мәйітханада коронавирус анықталды

Асылып өлген адамнан мәйітханада коронавирус анықталды

Асылып өлген адам вирус жұқтырған болып шықты. Редакциямызға Түркістан қаласынан хабарласқан тұрғындардың сөзінше, Нұр-Сұлтанда тұрып жатқан бауыры өзіне қол жұмсап қайтыс болған. Елордадан бауырларының денесін күтіп отырғанда, жергілікті әкімдіктен келгендер марқұм короновирус жұқтырған депті.

Шенеуніктердің сөзінше, марқұмды мәйітханада тексергенде соvid-19 вирусы анықталған. Ал елордалық дәрігерлер анықтамаға буынып өлгенін анық жазып беріпті. Сондықтан мәйітті де туыстарының қолына бере  салған. Вирус жұқтырды деген сараптама қорытындысы Түркістан облысына мәйіттен кейін ілі-шала жеткен. Ауруға қатысты нақты қорытындыны білмей тұрып, мәйітті неге туыстарына бергенін Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасы әзірге түсіндірген жоқ. Ал мәйітті алып келген үш адам енді карантинге жатуы тиіс.

Тәжібек Мұсаев, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары:

- Асылып өлген. Асылып өлгеннен кейін короновирусы бар мәйітханада анықталған. Арнайы хабарлады бізге. Мемлекеттік сараптаманың арнайы хатын алдық. Бекерден-бекер әуре болып жүрмейміз ғой, жұмыстан қалып. Түске дейін облыстық СЭС мамандары, имамдар бар, түсіндіру жұмысын жүргіздік. Жұрт үсінгісі келмейді. Анасы бар, туысқандары бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде