{metadescription}
0:000:00
Covid-19: Жедел жәрдем шақыру 3 есе, провизорлық стационарға түсу 10 есе артты

Covid-19: Жедел жәрдем шақыру 3 есе, провизорлық стационарға түсу 10 есе артты

Қауіпті кеселді жұқтырған науқастардың көбейгені соншалық, ауруханаларда орын жоқ. Елордада қосымша провизорлық орындар ашылып, бірқатар медициналық мекемелер қызметін өзгертуге мәжбүр. Енді бас шаһардағы әскери госпиталь де науқастарды қабылдауға көшпек. Қазір дәрігерлер мұрнынан шаншылып жұмыс істеуде. Жедел жәрдем көлігін шақырушылардың саны азаяр емес.

Covid-19 шалдыққан елордалық науқастарды енді әскери бас клиникалық госпитальда емдейтін болады. Шешімді Қорғаныс министрлігі шығарған. Госпиталь Есілдің оң жағалауында орналасқан. Мұнда кіру мүмкін емес. Тек әскерилер мен медициналық қызметкерлерге рұқсат.  

Жан-жағы қоршалып, тұмшаланған госпитальге жедел-жәрдем көліктері кіріп-шығып жатыр. Олардың науқастарды әкеліп, не әкелмей жатқаны белгісіз. Дегенмен Қорғаныс министрі аурухана коронавирусқа шалдыққандарды емдеуге «тас-түйін дайын» деп отыр. Бұған дейін Алматы мен Талдықорғандағы әскери мекемелерді қайта жабдықтапты.

Нұрлан Ермекбаев, ҚР Қорғаныс министрі:

- Вирус анықталған науқастарды қабылдауға Нұр-Сұлтан қаласындағы Бас әскери клиникалық госпиталь қайта бейімделеді. Әскери бөлімдер мен мекемелерді заманауи медициналық көмекпен қамтамасыз ету үшін ұйымдастыру-штаттық құрылымды жетілдіру керек. Әскери медициналық мекемелердің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуы жоспарлануда.

Егер бас әскери госпиталь аздық етсе, елордадағы басқа да әскери медициналық мекемелер қайта жарақтандырылмақ. Өйткені бас щаһардағы жағдай күннен-күнге өршіп барады. Ауруханаларда орын тапшы. Мәселен, мамырдағы дерекпен салыстырсақ, бүгінде жедел жәрдем көлігін шақыру 3 есе, провизорлық стационарға түсу 10 есеге артқан.

Әлия Рүстемова, Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

Егер мамыр айында жедел жәрдем 1000 рет шақырылса, қазір бір күнде 3000 қоңырау түсіп отыр. «Коронавирус жұқтырдық» деп хабарласатын науқастар саны 350-ге дейін көбейді. Яғни, 10 есе. Провизорлық стационарлар үлкейтілуде. Бүгінде ол жерде 32 адам жансақтау бөлімінде, 11 адам жасанды өкпе желдіткіш аппаратында жатыр.

Індеттің кең етек жаюына байланысты күні кеше елордадағы медициналық ұйымдар базасында 400 төсек орын қайта жасақталған. Олар инфаркт, инсульт, қант диабеті мен хирургиялық аурулары бар науқастарға, яғни коронавирусқа күдікті адамдарға дайындалған. Ал бұған дейін бұрынғы «Рамада Плаза» қонақ үйінің ғимаратында шетелден келген әуе жолаушыларына медициналық бөлмелер дайындалған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде