{metadescription}
0:000:00
COVID-19 шенеуніктерді шетінен жайлап барады

COVID-19 шенеуніктерді шетінен жайлап барады

Коронавирус инфекциясы шенеуніктерді шетінен жайлап барады. Бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов ауырып қалды. Тапсырған тесті ағзасында COVID-19 бар екенін анықтапты. Оны әлеуметтік желіде жазған.

- «Үш-төрт күн бұрын ғана ауырып емделіп шыққан адамдардан қалай болатынын сұраған едім. Енді қандай болатынын өзім де сезініп жатырмын. Бір айта кетерлігі, әркімде әрқалай өтеді. Менің бүгінгі сезінгенім, құдды бір екі күн бойы вагоннан жүк түсіріп немесе бірнеше гектар картоп отырғызғандай күйдемін. Ондай жұмыс істеп көргендер түсінеді».

Вице-министр бірер күн бұрын барып тест тапсырған. Қанша сақтанса да, вирус алмай тынбапты. Енді өзін оқшаулап, емделетінін жазған. Бірақ қашықтықтан жұмыс істей бермек.

Грузияның Қазақстандағы елшісі Зубар Абашидзе де жұбайымен қоса індет жұқтырғанын грузин ақпарат құралдары жазып жатыр. Дегенмен елшілік ол туралы еш мәлімет бермеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.