Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Коммуналдық қызмет алдындағы берешегі көп өңірлер
Жұрттың жылуға миллиардтаған қарызы бар. Былтыр жылыту маусымының қорытындысы бойынша бүкіл өңірдегі жеке және заңды тұлғалардың коммуналдық қызмет алдындағы берешегі 13 миллиард теңгеге жеткен. Бұл бұрын-соңды болмаған көрсеткіш.
Автор: Ербол Тұрымбет
23.06.2020
Бұл алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 780 миллион теңгеге асып түсіпті. Берешегі ең көп өңірлер: Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалалары мен Маңғыстау облысы. Енді ондағы тұрғындардан миллиардтаған қарызды коммуналдық мекемелерге өндіріп беру жергілікті әкімдіктердің мойнына түскен. Соған қарамастан, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, алдағы жылыту маусымында қиындық тумайды. Әкімдіктермен бірлесіп, халыққа арналған көмірді ертерек, қыркүйек-қараша айларында сатып алмақшы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram