{metadescription}
0:000:00
5-шілдеден бастап Өскемен мен Семей жабылады

5-шілдеден бастап Өскемен мен Семей жабылады

Семей және Өскемен қалалары қайта жабылады! Бұл өңірлерге кіріп-шығу осы жексенбіден бастап шектелмек. Мұндай шараны қолға алуға коронавирус індетінің өршуі етуі себеп.  

Даниал Ахметов, ШҚО әкімі:

- Оқиға дамуының ең жағымсыз сценариіне жол бермеу үшін 5-шілдеден бастап Өскемен және Семей қалаларын жабамыз. Қалалар мен аудандарда тұрғындар мен көлік қозғалысын барынша азайтамыз. Бұл шара коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін қолға алынды. Өйткені Сovid-19-бен күресте өзін-өзі оқшаулау тәсілі тиімді екені дәлелденді.

Салыстырмалы түрде айтсақ, карантиндік шаралар қатаң сақталған кезде Шығыс Қазақстан облысындағы вирус жұқтырғандардың жалпы саны 135 адам болатын. Маусым ішінде науқастар 710-ға дейін көбейген. Олардың саны әлі де артуда. Сондықтан облыс әкімі қозғалысты шектеу шараларын осы демалыста бастаған аса маңызды деп отыр.

Семей мен Өскемендегі кәсіпорындар, азық-түлік дүкендері, дәріханалар және халыққа қызмет көрсету орталықтары қысқартылған кесте бойынша жұмысын жалғастыра береді. Қос қаланы жабу туралы шешім қабылдаған Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысының коронавирусқа қатысты кез келген сценариге дайын екенін де атап өтті. Себебі, өңірде 1700 инфекциялық, 2 жарым мың провизорлық және карантиндік орын, сондай-ақ қарқынды терапия палаталары ашылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде