{metadescription}
0:000:00
Семейде автопарктер шығынға батып барады 

Семейде автопарктер шығынға батып барады 

Семей тұрғындары қоғамдық көліксіз қалуы мүмкін. Автопарк басшылары жолаушылар тасымалымен айналысатын компаниялардың құрдымға кетудің аз-ақ алдында тұрғанын мәлімдеді. Өйткені, жолаушылар азайғандықтан мекеме шығынға батқан. Бүгінде зейнетақы қоры мен салыққа төлейтін қарыздары қордаланып қалыпты. Енді бұл тығырықтан шығу үшін жергілікті биліктен жол жүру құнын көтеріп, қосымша субсидия төлеуді сұрап отыр.

«Қоғамдық көлікте жол жүру ақысын 80 теңгеден бірден 140 теңгеге қымбатып, қосымша субсидия төлесін». Бұл жолаушылар тасымалымен айналысатын автопарк қожайындарының жергілікті билікке қойған қос талабы. Олардың айтуынша, пандемияның кесірінен жолаушылар саны екі есеге кеміп, кіріс күрт азайған. Енді соның салдарынан қыруар қарызға баттық деп зар қағуда.

Әсет Қалиғожин, «Semey Bus» ЖШС директорының орынбасары:

- Бүгінгі күні біздің мекеме таза шығынға жұмыс істеп жатыр. Қазір қоғамдық көліктің қосалқы бөлшектері, жанар-май бәрі қымбат. Ал жол жүру ақысы көтерілмейді. Оның үстіне карантиндік шектеу болғандықтан жолаушы аз. Тіпті зейнетақы қорына аударым мен салықты да төлей алмай отырмыз.

Шаһардағы ірі екі автопаркта құрдымға кетудің аз-ақ алдында тұр. Бірақ олардың субсидия бөлу жөніндегі өтінішіне жергілікті шенеуніктер жарты жылдан бері үн қатпаған. Десе де қаржыландыру мәселесі облыстық биліктің талқысына жіберіліпті.

Нұрлан Серғазинов, Семей қалалық жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары бөлімі басшысының орынбасары:

Біз өтінішті облысқа жолдадық. Қазір ол коммиссияның қарауында. Егер шешім шыққан күннің өзінде де барлық автобусқа бірдей субсидия төленбейді. Тек адам саны аз отыратын қоғамдық көліктерге ғана берілетін болады.

Қазір Семейдегі жол жүру құны – 80 теңге. Бұл тариф екі жылдан бері өзгермеген. Ал мамандар парк басшыларының оны бірден 60 теңгеге көтеру талабын талқыға салмақ ниетте. Сондай-ақ олар арнайы коммиссия құрылып, автопарктерге тексеріс жүргізілетінін жеткізді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.