Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Беларусь: Жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырушылар құрықталды
Беларустағы жаппай тәртіпсіздіктердің ұйымдастырушылары құрықталды. Халықты билікке қарсы шығуға үгіттеді деген күдікпен төрт адам ұсталған. Мемлекеттік арналар олардың көтерілісті қонақ үйдің ішінде жатып басқарғанын хабарлады.
Автор: Аруна Ортай
12.08.2020
Бұл адам – Беларустің Ішкі істер министрлігінің көрсеткен басты күдіктісі. Қасында үш сыбайласы бар. Ұйымдастырушылардың суреті мен олардан табылған ақшаны мемлекеттік арналар бірінен соң бірі жарысып жариялауда. Ал Лукашенконың билігіне қарсылық шаралары осымен үшінші тәулікке жалғасып жатыр. Бұл жолы билік пен бұқараның текетіресі 25 қалада өткен. Көшеге әйелдер де жаппай шықты. Қол ұстасып, қалқан құрған нәзік жандылар Лукашенкодан зорлық-зомбылықты тоқтатуды талап етті. Десе де, құзырлы органдардың шегінетін түрі жоқ. Керісінше, халықты басуға одан сайын күш салып жатыр. Мұздай қаруланған арнайы жасақ тұрғын үйлердің терезесін атқылап, көшедегі жұртқа қарсы қару қолданған. Атыста бір адам жараланды. Ішкі істер министрлігі бұған халықтың өзін кінәлады. Айтуларынша, азаматтар арматурамен тап беріп, сақшыларға қорғануға тура келген. Тек соңғы тәулікте ғана тағы мыңнан аса адам тұтқындалыпты. Полицияға қарсы күш қолданды деген баппен 17 тұрғынға қарсы қылмыстық іс қозғалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram