{metadescription}
0:000:00
Жаңа оқу жылы: Мұғалімдер ПТР-тест тапсырмайды

Жаңа оқу жылы: Мұғалімдер ПТР-тест тапсырмайды

Жаңа оқу жылы алдында мұғалімдер коронавирусты анықтайтын тест тапсырмайды. Денсаулық сақтау министрлігіндегілер ұстаздарды бір рет тексеруден өткізудің еш мәнісі жоқ деп отыр. Мұғалімдер тек санитарлық талаптарды қатаң сақтауы тиіс.

Бағдат Қожахметов, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі /ауд/:

- Мұғалімдердің арасында жаппай тегін коронавирусты анықтайтын тестілеуді тапсырудың қажеті жоқ. Себебі, мұғалімдер белсенді, салауатты өмір салтын ұстанады. Күн сайын олар көптеген адамдармен кездесетіндіктен, ПТР-тестілеу сынақтарын өткізу мәнісін жоғалтады.

Мұғалімдерде қауіпті аурудың алғашқы белгілерінің бар-жоғын мектептегі мейірбикелер тексереді. Білім ордасына кірмес бұрын, алдымен дене қызуы өлшенуі керек. Сонымен қатар мұғалімдер сияқты мектеп оқушылары да ғимаратқа медициналық бетперде тағып, ара қашықтықты сақтауы тиіс. Ал балаларға резеңке қолғап киюдің қажеті жоқ. Коронавирус жұқтырудан сақтайтын қорғаныш құралдарын ұстаздар мен ата-аналар өзі сатып алады. Бұған салалық органдар тиісті қаражат қарастырмапты. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.