Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Эпидахуал: Екі күн ішінде мың адамның өкпесі қабынған
Елімізде коронавирустық пнемвонияға шалдыққандар қатары күн санап өсіп жатыр. Өткен екі күннің ішінде өкпесі қабынғандар саны мыңға жеткен. Ал Covid-19-дың өзі кешелі бері 89 адамннан анықталды. Осы дерттер соңғы тәулікте 10 адамның өмірін жалмаған.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
04.09.2020
Коронавирус пневмониясынан дем жетпей өліп кеткендер саны 1-тамыздан бергі есеп бойынша 305 адамға жетті. Жалпы осы мерзім ішінде 27 мыңға жуық адамның өкпесі қабынған.
Короновирустың өзі анықталғандар бойынша кешелі бері көшті Шығыс Қазақстан облысы бастады. Онда 16 адам жұқтырған. Астанада 13, Алматыда 10, Атырау мен Қарағанды облыстарында 9 бен 8 адамнан. Ең азы – Қостанай облысы. Мұнда тек 3 адамнан Covid анықталды.
Дерт дендегелі елде кесел жұқтырғандар саны 106 мың 121 адам жетсе, оның 98 мыңнан астамы ауруларынан айыққан. Өкініше қарай, 1612 науқас ажал құшты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram