Олжас Әбішев үйқамаққа шығарылды
Денсаулық сақтау министрінің бұрынғы орынбасары Олжас Әбішев үйқамаққа шығарылды. Оны енді тергеушілер қолына электронды білезік тағып бақылап отырады.
Автор: Ербол Тұрымбет
02.10.2020
Әбішевтің қолына кісен 2-тамызда салынған. Вице-министр қызметін екі жыл атқарған ол Денсаулық сақтау министрлігінде цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік мәселесіне жауап берген. Тергеу мәліметінше, Әбішев денсаулық сақтау саласын цифрландыруды ілгерілетуі тиіс ақпараттық жүйені дайын болмаса да қабылдап, жарты миллиард теңгеден астам қаржыны тапсырыс орындаушылардың шотына аударта салған. Ал сол ақшаның қаншасы шенеуніктің қалтасына пара болып кері қайтқанын тергеушілер анықтап жатыр. Осыншама қаржыға жасатқан ақпараттық жүйе қазір түкке жарамсыз, техникалық талапқа жауап бермей қалған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!