{metadescription}
0:000:00
Ақтөбеде көпқабатты үйден өрт шықты

Ақтөбеде көпқабатты үйден өрт шықты

Ақтөбенің қақ ортасындағы көпқабатты үйден өрт шықты. Бір пәтердің түгі қалмай жанып кеткен. Ешкім зардап шеккен жоқ.

Балкондағы будақтаған көк түтінді көрген жұрт бірден 101 қызметіне хабарлаған. Ал қызыл жалын мен ыстың иісінен тұрғындар сыртқа шыға алмай, бір келіншек есінен танып қалған. Оны құтқарушылар жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізді. Дәрігерлер оның ыстың иісінен емес, шошығаннан талып қалғанын айтады. Өрт үйдің жетінші қабатындағы балконнан тұтанған. Сөндіруге жеті техника мен 45 маман келіп, үйден 85 адамды далаға шығаруға көметесті. Арасында 25 бала бар. Тұрғындар аман қалғанына шүкіршілік етіп отыр.

- Көк түтін, қап-қара болды. үйден шыға алмадық. Балалардың арқасында шығарып алды. Есімізден тана қорқып кеттік, оңай емес. Оттың өзі қорқынышты ғой.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.