{metadescription}
0:000:00
Заң: Ішіп алып концерт қойғыш әншілерге енді сахнаға жол жоқ

Заң: Ішіп алып концерт қойғыш әншілерге енді сахнаға жол жоқ

Ішіп алып концерт қойғыш әншілерге сахнаға жол жоқ. Сенат осындай қатаң талабы бар заңды бекітті. Бұдан былай ішімдік ішкен, олпы-солпы сахнаға шыққан әртістер үшін ұйымдастырушылар жауап береді.

Мәдениет министрінің айтуынша, мастықпен талай шараның шырқын бұзғандардың әрекеті осындай заңды қабылдауға түрткі болған.  

Ақтоты Райымқұлова, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

Орындаушылар тарапынан концерт өткізу кезінде әдепсіз мінез-құлық көрсету, сахнаға ұқыпсыз шығу үрдісі орын алып отыр. Сондай-ақ жоспарланған концерттік бағдарламаларды орындамау, әдепсіз сөздері бар репертуар таңдау, көрермендерді хабардар етпей фонограманы қолдануға жол берілген бірқатар орын алған фактілер де бар.

Барлық деңгейдегі әншілер, яғни аудандық Мәдениет үйіндегі болсын, облыстық филармонияның әншісі болсын, тіпті шетелдік және жергілікті эстрада жұлдыздары үшін де талап бір – спирттік ішімдік ішіп алып сахнаға шығуға қатаң тыйым. Мұны елемесе, сұрау шараны ұйымдастырушыдан болады. Мас әртіс пен сахнаға қалай болса солай шыға салған актерлерге заң бойынша жауап беретін солар. Әлбетте бейәдеп қылығы үшін әншінің де абыройы асқақтамасы анық. Заң талабы бойынша, барлық концерт ұйымдастырушылары енді фонограмманың бар-жоғын хабарлауға міндетті.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.