{metadescription}
0:000:00
Қабан екен деп адамды атқан. Польшада отандасымыз браконьердің қолынан қаза тапты

Қабан екен деп адамды атқан. Польшада отандасымыз браконьердің қолынан қаза тапты

Қабанмен шатастырып алған. Польшада оқып жатқан 16 жастағы қазақстандықты браконьер атып өлтіргені анықталды. Қайғылы жайт осы айдың басында Ключковице елді мекеніндегі алма бақта болған.

Айбек Смадияров, ҚР СІМ ресми өкілі:

- Дипломаттарымыз бұл мәселемен айналысып жатыр. Құжаттарын рәсімдеп, жақын арада марқұмның денесін Қазақстанға жеткізуге барлық әрекет жасалып жатыр. Поляк полициясының берген ақпаратына сәйкес, 2 күдікті ұсталды, 1 күдікті және оның досы. Біріншісіне кісі өлтірді деген айып тағылып жатыр. Ал оның досына көмектеспеді және тергеуге кедергі жасады деген айып тағылып жатыр.

Марқұмның жанында болғандардың айтуынша, алма баққа барған кезінде әлдебір көліктің келгенін естіген. Сол сәтте жапатармағай ағаштардың арасында бой тасалаған. Сосын тарс еткен мылтық үні естіледі. Бытыра қазақстандықтың өкпесі мен бауырын тесіп өткен. Ал оқ атқан браконьерлер жасөспірімдердің шулап қоя бергенін естіп, тайып тұрған. Оқиға орнына дәрігерлер шақырылған. Бірақ, өкінішке қарай, баланы аман алып қалу мүмкін болмады. Құқық қорғаушылар бір тәуліктен кейін 51 жастағы ер адамды ұстады. Ол бұрын полицияда жұмыс істеген. Браконьердің айтуынша, ағаш арасындағы жасөспірімді қабан деп қалыпты. Бұдан бөлек, аңшының жанында болған шіркеу қызметшісі де қамауға алынды. Оған зардап шеккен адамға көмек көрсетпеді деген айып тағылып отыр. Сол үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал адам өлтірген браконьер 8 жылға дейін жаза арқалауы ықтимал.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.