{metadescription}
0:000:00
80 жылдан кейін жерін даулап жүр

80 жылдан кейін жерін даулап жүр

Сексен жылдан кейінгі сұрау. Қорғаныс министрлігі Алматыдағы ең ірі логистикалық кешенінің жерін даулауда. Министрлік бұл аумақтың 1940 жылдары әскери бөлімді орналастыру үшін бөлінгенін негізге алып сотқа жүгінген екен. Шешім де әскерилердің пайдасына шығыпты. Енді жеті жыл бұрын елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі телекөпір арқылы ашқан қоймалар сүрілуі тиіс. Ал мыңнан астам адамы жұмыссыз қалайын деп тұр. Министрлік пен логистикалық кешен арасындағы жер дауын Асқарбек Қазанғап баяндайды.

Логистикалық кешеннің құрылысына кезінде Алматы әкімдігі 4 жарым млрд теңге құйған. Бұл Қазақстандағы жалғыз халықаралық нормамен түрлі тауар, дәрі дәрмек пен азық түлік сақтайтын нысан. Енді сот шешімі бойынша алып құрылыс сүрілуі керек. Ал жерді даулап жатқан Қорғаныс министрлігі. Мыңнан астам қызметкер енді жұмыссыз қалғалы тұр.

Майгүл Диханбаева:

- Бұны алып тастаса біздің күніміз не болады? Біз қалай күн көреміз? Қалай жан бағамыз? Компания арқылы біз бала-шағамызды бағып отырмыз ғой енді. Нанымызды тауып отырмыз. Бізді жұмысқа алмайды ғой. Жұмыс жоқ қазір.

Кешенді 7 жыл бұрын елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі ашқан. Кенет Қорғаныс министрлігінің көзіне неліктен сүйелдей көрініп, сүруін талап етулерін мұндағылар түсінбей әлек. Логистикалық орталық жабылса оған балама ретінде дайын тұрған басқа жер де жоқ екен.

Логистикалық кешеннің қоймалары А, В және С санатына бөлінген. Аумағы 45 мың шаршы метрден асады. Айта кететіні мұнда Алматының дүкендері, дәріханаларына жөнелтілетін азық-түлік, тауар мен дәрі-дәрмектің жетпіс пайыз қоры сақталады.

Ал компания басшылығы сотта ұтылғанымен, әзір үмітін үзгісі жоқ.

Әсел Сергенова, компания директоры:

- Қорғаныс министрлігі бұл жер біздікі деп өз құқығын 80 жылдан кейін бір-ақ айтып жатыр. Оларға сол кезде 477 гектар жер бөлініпті. Бірақ, әлі күнге дейін нақты шекара белгіленбеген. Осы құжат негізінде олар сотта жеңді. Мынадай пандемия кезіндегі қиын уақытта бұлайша кешенді сүре салу қиянат қой.

Кешен жанында Қорғаныс министрлігінің әуе базасы орналасқан. Ұшып-қонуға нысан кедергі деген қорытындыға келгесін әскерилер сотқа жүгінген екен.

Әлжан Ахматуллин, ҚР Қорғаныс министрлігі Заң департаментінің бөлім бастығы:

- Арыз-шағым бойынша бірнеше рет сот шешімі шықты. Дегенмен, 27 шілдеде Алматы қалалық соты жауап берушілерді үш ай мерзімде жерді босатуды және құрылысты бұзуды міндеттеп нақты шешімін шығарды.

Министрлік өз дегенінен қайтпақ емес. Ал әкімдіктің миллиардтары құйылған нысан бастарына үйірілген қара бұлттың сейілеріне сенгісі келеді. Бірақ, әзір бұл жағдайға биліктен баға беріп, араласқан ешкім жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.