Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Жүздеген көлік өзбекстанға өте алмай тұр
Қазақ-өзбек шекарасында тағы кептеліс! Түркістан облысындағы Қазығұрт шекара бекетінде жүк көліктері үш күннен бері ары-бері өте алмай тұр.
Автор: Бек Әбиев
09.11.2020
- Мынау Майский кедені. 200 машинадай тұр. Білмеймін, 5 күн 3 күн болды. Тұрмыз. Таразы жасамайды немесе жарық өшіп қалды дейді.
Кеден бекетінде бірнеше күннен бері кептелген көліктердің көпшілігі азық-түлік пен тез бұзылатын тауар тиегендер. Енді сол тонналаған заттары шетінен бүлініп жатыр. Оған қоса, жанармай мен автотұрақ та қып-қызыл ақша дегендер Өзбекстанға тезірек өткізуін сұрайды. Шекарада шешілмеген мәселе барын Мемлекеттік кірістер департаменті де мойындап отыр. Бірақ, жүргізушілер айтқандай бірнеше күн емес, кептеліс тек бүгін таңертең басталды дейді.
Баян Тұлғабаева, Түркістан облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз хатшысы:
- Кеше ауа-райының қолайсыз болуына байланысты электр қуаты өшіп, тұрақсыз берілгеніне байланысты жүк көлік құралдарының салмақтық және габариттік параметрлерін өлшейтін таразы істен шықты. Жиналған жүк құралдары қазіргі уақытта 70-80 автокөлік. Олар кеден бекетінің автотұрағына орналастырылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram