{metadescription}
0:000:00
Түрмеде отырғандардың туыстарымен кездесуіне тиым салынды

Түрмеде отырғандардың туыстарымен кездесуіне тиым салынды

Бүгіннен бастап түрмелерде ұзақмерзімді кездесулер тоқтатылады. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті сотталғандар арасында Covid-19-дың жаппай таралмауы үшін сақтық шарасы ретінде осындай талап енгізіп отыр.

Ақерке Жаубасарова, ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз хатшысы:

- Бұл шешім елімізде орын алған қолайсыз санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Және ең бірінші кезекте қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарды вирус жұқтырудан сақтандыру мақсатында қабылданып отыр. Және де қысқамерзімді кездесулер Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес берілетін болады.

Жалпы заң бойынша күдіктілерге, айыпталушыларға және сотталушыларға ұстап алынған кезінен бастап қорғаушымен оңаша және құпия кездесуге мүмкіндік берілетін. Және кездесу саны мен ұзақтығы шектелмейтін. Енді олар қорғаушыларымен, туыстарымен және өзге де адамдармен телефон және бейнеқоңырау арқылы сөйлеспек. Айта кетейік, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай және Ақмола облыстарындағы түзеу мекемелерінде тәртіп күшейтілген. Яғни, аталған өңірлердегі мекемелерде ұзақмерзімді және қысқамерзімді кездесулерге уақытша тыйым салынды. Ал сәлемдемелерін қабылдау бұрынғысынша жүргізіле береді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде