{metadescription}
Арбаға таңылған ардагерге көмек керек
Арбаға таңылған ардагерге көмек керек

Арбаға таңылған ардагерге көмек керек

Арбаға таңылған жалғызбасты әкенің азапты өмірі! Алматыда тәжік-ауған шекарасындағы қақтығысқа қатысқан ардагер әрең күнелтіп жүр. Айдар Серкебаевтың әйелі былтыр ажал құшып, 3 баламен жалғыз қалған. Өзі бірінші топтағы мүгедек. Аяқ-қолы қимылсыз қалған әкенің күтімі мен үй шаруасы 7, 11 және 13 жастағы балаларының мойнында. Сыз тартқан аядай үйде өлместің күйін кешіп жатқандардың жайын Нұргүл Нұрланқызы көріп келді.

Айдардың арбаға таңылғанына 3 жыл. Құрылысшы жұмыс барысында биіктен құлап, қол-аяғы қимылдамай қалған. Жығылғанға жұдырықтай, былтыр күзде әйелі ажал құшыпты. Содан бері, 3 баламен жалғыз өзі қалды.

Айдар Серкебаев, Тәжік-ауған шекарасындағы қақтығысқа қатысқан ардагер:

- Өз басымда үйім жоқ. Қарындасымның үйі. Сол өзім осында тұрып жатырмын. Балалар қиналып кетті. Далаға шығарады мені дәретке. Сабағы бар олардың. Мені далаға шығарады. Кей кезде өзім шыдап отыра беремін балалар сабағын біткенше.

Әйелі марқұм болғалы үй шаруасы шиеттей үш баланың мойнында. Олар тұрып жатқан аядай ғана үйдің іші қара суық. Себебі, өзі аз көмірді тек түнде жағады.

Ерболат Серкебаев, А.Серкебаевтың ұлы:

- Мен тамақ істеймін, пеш жағамын. Ыдыс-аяқ жуам, еден жуам.

44 жастағы Айдардың өзі әскери формасын үстінен тастамайды. Тәжік-ауған шекарасындағы қақтығыста жарты жыл қызмет еткен. Бірақ, қаруластары оны жақында ғана кездестіріпті. Сөйтіп, Айдардың бұл күйіне бей-жай қарай алмағандарын айтады. Айта кетейік, бұлар осы жылдың мамырында Ұлы Отан Соғысы ардагерлеріне теңестірілген болатын.

Ержан Тәшімов, Тәжік-ауған шекарасындағы қақтығысқа қатысушылардың республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі:

- Осы биыл жақында ғана 1 ай болған жоқ табылды. Аяқ астынан жігіттер таксимен кетіп бара жатқан, сөзден сөз шығып табылды. Бұл ардагеріміз білмеген екен сондай заң шыққанын. Осындай қоғам бар екенін. Өйткені, міне бірінші топтағы мүгедек. Осы бір орында отырғаннан кейін қайдан біледі.

Бүгін арнайы келген ардагерлер тағдыр тәлкегіне түскен Айдарды алғашқы медалімен марапаттады. Енді ол әскердегі қызметі үшін қосымша жәрдемақы алуға құқылы. Алайда, оған қыруар құжат жинау қажет. Мүгедектіктің өзін 2 жылдай жүріп әрең алған. Жергілікті әкімдік жалғызбасты әкенің жай-күйінен хабардар. Тек әзірге олардың қолынан келетіні осы үйге жылу кіргізіп беру ғана.

Дәлелхан Сұлтанов, Өжет ықшамауданы бойынша жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің төрағасы:

- Мына жерге бесплатный газ тартып жатқанбыз. Бірақ, газын тартып едік, пешіне келіп тоқтап қалды. Енді пешінің мәселесін шешсек, газ жанады деп ойлаймын үйде. Қысқа дейін істеуге тырысамыз.

Бірінші топтағы мүгедектің бар қалауы - жайлы пәтер. Шенеуніктер оны үй кезегіне тұрғызуға қол ұшын созамыз деп уәде етті. Ал, ұл-қызына салмақ салғысы келмеген әке мәселені тезірек шешу үшін қайырымды жандарға қол жаюға мәжбүр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 тамыз

29 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде