{metadescription}
0:000:00
Кек алуға бекінген жігітті ақтау немесе даттау көрермен  еншісінде – «Туча»

Кек алуға бекінген жігітті ақтау немесе даттау көрермен  еншісінде – «Туча»

Отандық кино қоржыны тағы бір туындымен толықтырылды. Алматыда режиссер Нияз Әбдіғапардың «Туча» фильмі еліміздің кинотеатрларында көрсетіле бастады. Бақандай 20 жылдан соң қандықол қылмыскерлерден кек алуға бекінген кейіпкердің әр қадамы көрерменнің ойын сан-саққа жетелейді. Ал криминалдық драма өмірде болған оқиғаға негізделген.  

Бір түнде қарақшылардың шабуылынан бар жақынынан айырылған баланың тағдыры кімді болсын бейжай қалдырмасы анық. Алайда арада 20 жыл өткенде қандықол қылмыскерлерден кек алуға бекінген жігіттің әрекетін ақтау немесе даттау көрерменнің өз еншісінде. Демек шытырман оқиға негізінде түсірілген криминалдық драманың өз шындығы бар. 

Нияз Әбдіғапар, режиссер:

- Фильм шынайы оқиға негізінде түсірілген. Өн бойында бірнеше оқиғаның ізі жатыр. Бәрін бір арнаға жинақтаған соң киноға тән көркем қадамға барып, кейбір тұсын әрлей түстік. Өйткені киноның деректі фильмнен айырмашылығы бар ғой.

Көрерменге жол тартқан «Туча» фильмінің түсірілім жұмыстары Нұр-Сұлтанда өткен. Киноны қысқа уақытта таспалаған шығармашылық топтың айтуынша, атсалысқан әрбір актердің еңбегі ерекше. Әсіресе басты кейіпкерді сомдаған Арман Шекімов отандық киноның хас шеберлері бас қосқан туындының талайға ой салатынын айтады.  

Арман Шекімов, актер:

- Әрқашан әр нәрсені үйренуге болады. Оған қоса киноға түскен белгілі актерлер маған көп көмегін тигізді. Қолымнан келгенше тырыстым деп айта аламын. Әрі қарай көрермендер бағасын береді деген ойдамын.

Қанат Құдияров, каскадер:

- Уақыт негізі өте тығыз болды. Маған актерлармен айналысуға, үйретуге аз ғана уақыт берілді. Актерлар көп болды, әрқайсына күнде бір-екі сағат бөліп, қалай құлау керек, қалай ұру керек, қалай төбелесу керекбәрін үйреттім.

Өз бетінше әділдік орнатуға оқталған кейіпкердің әр қимылы шебер өрілген туындының соңғы түйіні көрерменді сан түрлі ойға жетелейді. Егер фильмнің бағасын беруге  бел бусаңыз кинотеатрға асығыңыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.