{metadescription}
0:000:00
«Дурь»: Министрдің қызын өлтірген кім?

«Дурь»: Министрдің қызын өлтірген кім?

Министрдің қызын өлтірген кім? Синтетикалық есірткімен уланған қыздың денесі Алматыдағы элиталық коттедждердің бірінен табылды. Ал марқұм еліміздегі белгілі саясаткердің жар дегенде жалғыз қызы. Осындай шытырман оқиғамен басталатын «Дурь» атты тұңғыш отандық туынды келесі айдан бастап КТК арнасынан көрсетіле бастайды.

Сериал синтетикалық есірткінің жастар арасында жаппай таралуы жайлы. Ал оқиға Алматыда өрбиді. Жағдайдың ушыққаны сонша, тәртіп сақшылары түн сайын көшелерден есірткіге уланып өлген қыз-жігіттердің мәйітін табатын халге жетеді. Күндердің күнінде министр қызы да есірткіден уланып өледі. Тергеудің көкесі сонда басталады. Өйткені сақшылар синтетикалық тауарды саудалаушыларды қалай да болса табуға мәжбүр.

«Дурь» елімізде түсірілген тұңғыш қылмыстық драма. Ішінде экшн, детектив жанрының да белгісі бар. Сериал полиция қызметкерлерінің қатысуымен түсірілген. Алты бөлімнен тұрады. Сценарий созбалаңға салынбаған, қызықты жайттарға толы.

Шытырман оқиғалы «Дурь» сериалы 7-желтоқсаннан бастап КТК арнасынан көрсетіледі.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде