{metadescription}
0:000:00
ОСК: «Ауыл» партиясынан 19 кандидат тіркелді

ОСК: «Ауыл» партиясынан 19 кандидат тіркелді

Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс депутаттығына «Ауыл» партиясынан 19 кандидат тіркеді. Партия барлық үміткеріне 12 миллион теңгеден астам міндетті жарна құйған. Халықтық демократиялық патриоттық партияның атынан депутат болуға таласатындардың 30 пайыздан астамы әйелдер мен жастар.

Асылбек Смағұлов, ОСК мүшесі:

«Ауыл» халықтық демократиялық патриоттық партиясының тізімінде 19 адам. Алты әйел және 29 жасқа толмағандар енгізілген.  Бұл тізімге енгізілгендердің жалпы санының 31,5 пайызын құрайды. Партиялық тізімге енгізілген барлық адам «Сайлау туралы» конституциялық заңға сәйкес.

Егер әр партия атынан кандидаттар үгіт-насихатты мерзімінен бұрын бастаса, міндетті декларациядағы деректері сәйкес келмесе, басқа партия кандидаттарын балағаттап, ар-ожданын аяққа таптаса әрі ол әрекеті сотпен дәлелденсе, сондай-ақ дауыс үшін азаматтарға ақша ұсынса, кандидат қатарынан және партиядағы мүшелігінен қағылады.

«Ауыл» партиясы Мәжіліс сайлауына ұсынып отырған 19 кандидаты үшін 12 миллион теңгеден астам міндетті жарна төлеп қойған. Орталық сайлау комиссиясы барлық үміткердің сайлауға түсуге лайықты екенін бірауыздан құптады. Бірақ журналистерге «Ауыл» партиясының атынан саяси аламанға түсетін Болатбек Қыстауовтың қайдан шыққанына жауап бере алмады. Себебі, Болатбек Қыстауов ашық дерек көздерінде «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары деп көрсетілген.  

Асылбек Смағұлов, ОСК мүшесі:

Тіркеу әлі жүріп жатыр, оның үстіне тексеріс те ұйымдастырылады. Қазір бізде бар деректі мемлекеттік органдарға жіберіп, қаншалықты сәйкес келетінін де нақтылап жатырмыз. Сондықтан бұл нақты бекітілген тізім деп кесіп-пішіп айта алмаймыз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде