Қаулы: Қазақ көлік және коммуникация академиясы лицензиясынан айырылды
Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын бас лицензиясынан айыруға қатысты қаулы қабылдады.
Автор: Асқарбек Қазанғап
26.11.2020
Тоқсан жылдық тарихы бар Алматыдағы білім ордасына қатысты шу өткен айдың басында басталған. Білім және ғылым министрлігі жүргізген тексерістің қорытындысы бойынша академияны бас лицензиясынан айырамыз деп шешкен еді. Алайда бұған оқу орнының басшылығы түбегейлі қарсы шығып, сотқа жүгінді. Сол алғашқы сотта жеңіліп отыр. Шешімге сәйкес, енді 5 мыңға жуық студент оқуын басқа университеттерде жалғастыруы тиіс. Дегенмен академия басшылығы бірінші соттың шешімін әлі даулауы мүмкін.
ҚР Білім және ғылым министрлігі:
- Сот Білім және ғылым министрлігінің Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын бас лицензиясынан айыру туралы шешімін өз күшінде қалдырып, қаулыны министрліктің пайдасына қабылдады. Академияның білім беру қызметіне қатысты комитет тарапынан жүргізілген тексерісте анықталған заң бұзушылық деректерін де сот растады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!