{metadescription}
Алты елікті атып өлтірген – Ақтөбе облысы
Алты елікті атып өлтірген – Ақтөбе облысы

Алты елікті атып өлтірген – Ақтөбе облысы

Ақтөбе облысында елік аулаған бір топ адам ұсталды. Оларды Ресеймен шектесетін аумақты бақылап жүрген шекарашылар аңғарған.

Ақтөбелік тұрғын аң аулауға достарын шақырады. Олар жол талғамайтын үш көлікпен аңға шығып, сегіз мылтық сайлап алыпты. Әйтеке би ауданында елік атып жүрген жерінен шекарашыларға тап болады. Алғашқыда қашып құтылмақ болғанымен, ақыры ұсталды. Көліктерінен атылған алты елік табылды.

Қазір күдіктілерге қатысты қылмыстық іс қозғалған. Қанша адам болғанын әзірге құзырлы органдар нақты айтпай отыр. Бірақ бейресми дерекке қарағанда заңсыз аң аулауға 11 адам шыққан.

Еске салсақ, елімізде тек 20 мыңдай елік бар.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.