Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Кезекке тұрып жер телімін алу жеңілдетіледі
Елімізде кезекке тұрып жер телімін алу жеңілдетіледі. Арнайы ақпараттық жүйе жұмыс істеп, соның арқасында азаматтар өзіне тиесілі жер телімін бір жыл емес, бір айдың ішінде ала алады.
Автор: Ербол Тұрымбет
02.12.2020
Сапархан Омаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
- Жер қатынастары саласындағы өзекті проблема – жер учаскесін алу кезіндегі кезекке қоюды тәртіпке келтіру. 2021 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін жер учаскесін алуға кезекке қоюды автоматтандыруды аяқтау жоспарлануда.
Енді жер комиссиясы деген болмайды. Барлығы автоматтандырылған соң, коммуналдық қызметтермен мәселе сол жүйеде шешіледі де, қағаз құжатқа тәуелділіктен арылады. Осыған дейін жер телімін алуға азаматтар шешімді бір күтетін. Енді бір айда шешіледі. Ал жер телімін үй салуға, шаруашылық жүргізуге, бау-бақша салуға немесе басқа да қажеттікке пайдалануға болады. Қазір жерді қашықтықтан зондтау арқылы ауыл шаруашылығы жерін ғарыштан бақылауда пилоттық жоба жүріп жатыр. Соның арқасына 8 миллион 300 мың гектар пайдаланылмайтын жер анықталған. Оның ішінде 2 миллион 600 мың гектар жайылым мемлекет меншігіне қайтарылса, 5 миллион 700 мың гектарының иесіне ескерту жасалған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram