Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Кәсіби спорт клубтары біраз қаржыдан қағылатын болды
Қазақстандағы 98 кәсіби спорт клубы мемлекеттен бөлінетін миллиардтардың бір бөлігінен қағылады. Үнемделген ақшаны Үкімет бұқаралық спортты дамытуға жұмсағалы отыр. Ал сол кәсіби клубтардың қаржыландыру жағын білмек болған депутаттардың сұрағына Мәдениет және спорт министрі жауабынан сүрінді.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
09.12.2020
Ақтоты Райымқұлова, ҚР Мәдениет және спорт министрі:
- Біздің министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірге анализ жасады. Жалпы елімізде 98 кәсіби спорт клубы бар. Олар жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады. Кейбірі ұлттық компаниялардың демеушілік ақшасына, жеке кәсіпкерлердің қаржысына қамтамасыз етіледі. Мұқият талдаудан кейін осы клубтарды қаржыландыруды барынша азайтуға қатысты бірнеше ұсыныс жасадық.
Нұрлан Нығматулин, Мәжіліс спикері:
- Тоқтаңыз, сіз жаңа қаржы жергілікті атқарушы органдар мен демеушілерден келеді дедіңіз. «Демеуші» деп отырғаныңыз - квазимемлекеттік сектордағы компаниялар. Олай болса, олар бөлетін ақша мемлекеттікі. Сіздер квазимемлекеттік сектордағы компаниялардың ақшасын «демеуші» деген сөзге астарлап қойдыңыздар.Олардың да қаражатын ашық айту керек.
Министр Райымқұлованың сөзінше, жыл сайын спортты дамытуға 160 млрд. теңге бөлінсе, соның ішінде 55 млрд. теңгесі жергілікті атқарушы органдардан кәсіби спорт клубтарына беріледі. «Астана» спорт клубына «Самұрық-Қазына» қосымша 27 млрд теңге жұмсап отыр екен. Егер Үкімет осы кәсіби клубтардың қаржысын қысқарту туралы шешімді қабылдаса, онда әкімдер 98 клубты ұстауға кететін қаражатты екі есе азайтуға міндетті болады.
Бүгінде балаларды бұқаралық спортқа тартуға республикалық бюджеттен 11 миллиардтай теңге қарастырылған. 2025 жылға дейін балалар мен жасөспірімдер клубы 350-ге дейін жетуі мүмкін.
Ақтоты Райымқұлова, ҚР Мәдениет және спорт министрі:
- Қазір біз Үкіметке кәсіби спорт клубтарына бөлінетін қаржыны екі есеге азайтып, қысқарған 22,2 млрд. теңгені бұқаралық спортты дамытуға жұмсайық деген ұсыныспен шықтық. Ұсынысты Үкіметке енгіздік. Одан бөлек, жергілікті атқарушы органдар жаппай спортқа 14,7 миллиард теңге бөліп қойған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram