{metadescription}
0:000:00
Жемқорлыққа қарсы қызметтің ақпаратын Алматы әкімдігі теріске шығарды

Жемқорлыққа қарсы қызметтің ақпаратын Алматы әкімдігі теріске шығарды

Жемқорлыққа қарсы қызметтің ақпаратын Алматы әкімдігі теріске шығарды. Құзырлы орган Жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашевтің қамауға алынғанын хабарлаған. Шенеунік модульдік ауруханаға бөлінген миллиардтарды қалтаға басты деп күдікке іліккен.

Алайда жемқорлық туралы ақпараттың тарауы сол екен, әкімдіктегілер іле-шала ешкімнің ұсталмағанын айтып, жұмыста отырған әріптестерін таспаға түсіріп көрсетті.

-Амансыз ба, Сапар Сейілханұлы! Айып етпеңіз, бірқатар БАҚ-да сіздің ұсталғаныңыз туралы ақпарат шықты, ол қаншалықты рас?

-Жоқ, өздеріңіз көріп тұрғандай, мен жұмыс орнымда отырмын.  

Шенеунік өзінің ұсталғандығы туралы ақпаратқа таңданып отыр. Жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашев таңертең әкімнің жиналысына қатысып, содан кабинетінен ешқайда шықпағанын айтуда. Ал жемқорлықпен күрес қызметі Нұрашевті коронавирус жұқтырған науқастарды емдейтін модульдық аурухананың құрылысына бөлінген қаржыны талан-таражға салғаны үшін қамауға алынғандығы туралы таңертеңсігін ғана мәлімет таратқан. 280 орындық ғимараттың құрылысына 5 миллиард 900 миллион теңге бөлініпті. Алайда соның тек 2 миллиарды ғана жұмсалып, қалған 4 миллардтай қаражат  талан-таражға түсті делінген. Әкімдік таратқа видеодан кейін жемқорлықпен күрескерлер де хабарламасын түзете қойды. Енді тек аурухананың құрылысына бөлінген миллиардтардың қолды болғанын растап, кімнің ұсталғанын айтпай отыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті: 

-Коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеуге арналған модульдық аурухананың құрылысы кезінде мемлекет қаржысын талан-таражға салу дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу құпиялығына сәйкес, күдіктілердің аты-жөні және басқа да мәлімет жарияланбайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.