Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Бес мың адам «Лидер» компаниясына алданып қалған – Алматы
Үй де, ақша да жоқ! Алматыда бір топ тұрғын алаяқтарға алдандық деп шу шығарды. Баспаналы болғысы келген 5 мыңға жуық адам «Лидер» атты инвестицияларды басқару компаниясына кемі миллион теңгеден аударған.
Автор: Асқарбек Қазанғап
25.02.2021
«Алғашқы жарна төленсе, 30 пайыз үстемақы аласың» деп уәде берген. Енді ақшасын қайтара алмай жүргендер кезекті рет полиция департаментіне барды. Алданғандардың арызын тілшіміз тыңдап қайтты.
- Ісіміз орнына алға жылжыды ма, әлде орнында тұр ма, соны білуге келдік.
Ақшасын құйып, есін енді жиып, ойын кері бұрған бұқара бүгін Алматыдағы полиция департаментінің алдына жиылды. Бәрі де аяқ-асты сан соғып қалғандар.
Нұрилә Жанәділ, Алматы қаласының тұрғыны:
- «Ақшаңызды көбейтіп аласыз, осындай компания бар, миллион салсаңыз, 30 пайызын береді, 2 миллион салсаңыз, 60 пайыз аласыз, сонымен қоса үйіңді де аласың, балаңды да шетелге апаруға жағдай жасалады» - деді.
«Лидер» компаниясы ақшаны еселеуге кепілдік беріпті-мыс. Бірақ іс жүзінде еш нәрсе жүзеге аспаған. Елордалық Нұргүл 20 миллион теңгесін осы ұйымға құйып, бір теңге табыс таппаған.
- Қарыз да бар, несие де бар, туысқандардың ақшасы да бар. Жиған ақшам да, бәрі бар.
Полиция департаментінің басшылығы компания басшысына іздеу жарияланғанын айтты. Істің сағызша созылуы да содан екен.
Евгений Лысенко, Алматы қаласы ПД баспасөз хатшысының орынбасары:
- Бұл іс бойынша барлық арыз жазушылардан жауап алынды. 2020 жылдың қаңтар айында басты айыпталушыға халықаралық іздеу жарияланды. Алматы қаласы бойынша жәбірленушілердің саны 300-ге жуық.
Алайда орталықтан опық жеген халық құр уәдеге сенбейді. Олар істің ақ-қарасын ажырату үшін Бас прокуратуға ұжымдық арыз жазамыз деп тарқасты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram