{metadescription}
Өмірзақ Шөкеев: Газдан тұншығу енді қайталанса, ешкімге кешірім жоқ
Өмірзақ Шөкеев: Газдан тұншығу енді қайталанса, ешкімге кешірім жоқ

Өмірзақ Шөкеев: Газдан тұншығу енді қайталанса, ешкімге кешірім жоқ

Түркістан облысында табиғи газ кіргізілген барлық үй тексерілетін болды. Газға тұншыққан бес адамның өлімінен кейін облыс әкімі осындай шұғыл да қатаң тапсырма берді. Ал қайғылы жағдай болған үйге газ құбырын тартқан компания тергеу қортындысы шықпай тұрып-ақ жазалануы тиіс дейді Өмірзақ Шөкеев.

Өткен демалыста Түркістанда ұйқыға кеткен 40 жастағы әйел мен оның төрт баласына иіс тиіп, сол бойы қайта оянбаған. Енді Түркістан облысында бүкіл газ кіргізілген үй мен мекеме бір-бірлеп тексеріледі.

Түркістандағы қайғылы жағдайдан соң, ашуға мінген облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев газдан тұншығу жәйті енді қайталанса, ешкімге кешірім жоқ екенін кесіп айтты. Бүгіннен бастап облыстың барлық шенді-шекпендісі өзіне қарасты аумақтағы жүргізілген газ құбырын тексеруі тиіс.

Өмірзақ Шөкеев, Түркістан облысының әкімі:

- Барлық әкімдерге де айтамын, осындай газ кіргізілген бар жерді тексеріп шығыңыздар. Шұғыл! Осы жиналыс өткеннен кейін бірден ұйымдастырыңдар. Аулаларын тексеріңдер. Сол газды орнатқан мекемені жазалау керек.

Әкімнің қатқыл шешіміне өткен сенбі күнгі Түркістандағы трагедия түрткі болды. Жер үйлердің бірінде 40 жастағы әйел мен 4 бірдей баласы өлі күйінде табылған. 16 жастағы үлкені – студент, 14 және 7 жастағы екеуі оқушы болса, 4 жасар бүлдіршін балабақшаға барып жүрген еді. Базарда сатушы болып істейтін анасы жексенбі күні жұмысқа шықпай қалған соң, жанындағы саудагер әйел үйіне іздеп барыпты. Көршілерімен бірге баспанаға кіргенде, әр бөлмеде серейіп жатқан денелерді көріп шалқасынан түскен.

Кенжебай Мақұлбеков, марқұмдардың көршісі:

- Кірген де, анау әйел келгенде, есіктің алдында легенге құсқан. Құсқан да, сол жерде қалып кеткен. Екі үлкені сол бөлмеде жатыр. Кішкентай қызы арғы бөлмеде, кішкентай баласы бергі бөлмеде жатыр.

Қарапайым құрылысшы боп істейтін отағасы бұл кезде Шымкентте ауруханада болған. Төрт жыл бұрын ғана көршілес Жаңақорған ауданынан көшіп келген отбасы тірнектеп ақша жинап, есік алдына үлкен үй салып жатқан екен. Ал өздері төрт баласымен үш бөлмелі үйде тұрған. Бір жыл бұрын ғана кіргізілген табиғи газды кіші үйдегі Иран пешіне қосқан екен. Бірнеше жыл бұрын қауіпті деп табылған Иран пешінен тараған газға тұншықты дейді құзырлы орындар.

Шалқар Омарбеков, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Түркістан облысы филиалының директоры:

- Ол жерде үш тетігі белгіленген. Біреуі газға қосылмаған. Жатын бөлмеде. Ал екеуі бір газ плитамен Иран пеші қосылып тұрған болатын. Және де үйдің өзінде батареямен жасалған жылу жоқ. Сондықтан әр бөлмеге бөлек-бөлек жылу тартылған. Бірақ бір қазандық қана қосылып тұр. Сол қазандықтан улы зат бөлмеге таралған.

Тұншығып өлген тұтас отбасының өліміне қатысты бір баппен іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Ал бір түнде бүкіл отбасынан айырылған отағасы жары мен төрт перзентінің денесін туған жері – Жаңақорғанға жерледі. Қайғыдан қан жұтқандардың жақындарына демеушілердің көмегімен 7 миллион теңге берілді. Енді Түркістан облысының барлық мемлекеттік қызметкерлері бір күндік жалақысын аударады.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде