Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қырғызстанда 2021 жыл – Қазақстан мәдениеті жылы
Қарулы күштеріне көмек, студенттеріне қосымша грант алады. Садыр Жапаровтың Қырғызстан президенті ретіндегі Қазақстанға тұңғыш сапары бүгін нәтижелі басталды. Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуінде қазақ-қырғыз арасындағы бауырмал қатынастың маңыздылығына ерекше тоқталып, Жұбан Молдағалиевтің поэмасынан үзінді оқыды.
Автор: Нұрқанат Омарұлы
02.03.2021
-
– Мен қазақпын, қырғыз ол – туысқаным,
Бірге тартқан тарланның құйысқанын.
Анамыз да қара көз бір қыз, бәлки,
Бөліп берген егізге уыс нанын.
Жаңадан қол қойылған келісімшарттар да біршама. Ол Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы саяси, сауда-экономикалық қарым-қатынас, инвестициялық, көлік-логистикалық байланыс, су-энергетикалық жобалар мен мәдени-гуманитарлық әріптестікке қатысты.
Коронавирусқа қарсы бірлескен жұмыстар талқыланды. Қазақстан қырғыз халқына кезекті гуманитарлық көмек ретінде медициналық құралдар мен дәрі-дәрмек жолдауға дайын. Қырғызстан қарулы күштері де Қазақстаннан қосымша көмек алады. Қырғызстан студенттеріне бөлінетін білім гранттарының саны да артпақ.
Қазақстан соңғы 15 жылда Қырғызстанға 1 миллиард доллардан астам қаржы құйған.
Садыр Жапаров, Қырғызстан Республикасының президенті:
- Коронавирус пандемиясы уақытында бауырлас қазақ елі Қырғызстан Республикасына айтырлықтай көмек көрсетті. Толассыз гуманитарлық көмек түрін айтпағанда, карантинде басқа елдерде қалып қойған қырғызстандықтарды Отанына қайтаруда Қазақстан айтарлықтай септігін тигізді. Осы ретте ерекше алғыс білдіргім келеді. Екі ел арасындағы мәдени- тарихи сабақтастықтың дәлелі ретінде 2021 жылы Қырғызстанда Қазақстан мәдениеті жылы өтеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:
- Сіздің қолға алған маңызды саяси және әлеуметтік-экономикалық бастамаларыңыз еліңізді жаңа табыстар мен биік белестерге жетелей беруіне тілектеспіз. Осы орайда біз қырғыз ағайындарымызды қолдауға және жан-жақты қолғабыс көрсетуге әрдайым дайын екенімізді атап өткім келеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram