{metadescription}
0:000:00
Қашқан сарбаз: Ата-анамды қатты сағындым   

Қашқан сарбаз: Ата-анамды қатты сағындым   

Жамбыл облысында әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаз ұсталды. Ол Тараздан 40 шақырым жердегі мал ұстайтын қоралардың бірінде жасырынып жатқан. 19 жастағы жігіт бес күн бойы мал бағып, төрт түліктің қасында түнепті. Ал әскерден қашуын «ата-анамды қатты сағындым» деп түсіндірді. 

Нұрасыл Арысбаев, №8595 әскери бөлімінің сарбазы:

- Теміржолға түстім, сосын адасып Ақыртөбеге жаяу бардым. Сол жақта малшы болып жүрдім. Ол жақта тамақ, үйбәрі тегін. Сосын күнде-күнде үш-төрт мың теңге тауып, үйге барып ата-анама сыйлық алып, қайтып келем бе деп ойладым.

Нұрасыл Арысбаев осыдан бес күн бұрын әскери бөлімнен қашып кеткен. Тәуліктік кезекшілікте тұрғанда түнделетіп бой тасалапты. Алғашында Алматыға қарай бет алған екен. Алайда кейін туған жері Шымкентке баруды жоспарлаған.

Нұрасылдың қашу себебін полиция департаменті егжей-тегжей тексеріп жатыр. Әскери бөлімнің өкілдері бес күн бойы іздеуде болған сарбазға қатаң жаза қолданылмайды деп сендірді.  

Бауыржан Дүйсенбаев, №85395 әскери бөлім командирінің орынбасары:

Әскери бөлімді не себепті өз еркімен тастап кеткені жөнінде және оған қатысты процессуалдық іс-шаралар жүргізу үшін іс құзырлы органға тапсырылды. Оған әкімшілік жаза қолдануы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.