Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ақтөбеде сот көпірді жөндемеген шенеунікке шешім шығарды
Ақтөбеде қаланың қақ ортасындағы көпірдің жыртығын жамауға асықпаған шенеунікке сот шешім шығарды. Автокөлік жолдарына жауап беретін Жанболат Құсмұхамбетов 42 мың теңге көлемінде айыппұл арқалады.
Автор: Жаңалық Ахаш
06.04.2021
Тәртіп сақшылары осыдан екі ай бұрын Әз-наурыз көшесіндегі көпірдің ойық-шұңқырын жамауды әкімдіктегілерге тапсырған. Көптеген көлік жүргізушілері осы маңнан жүру мүмкін емес екенін айтып шағымданыпты. Бірақ сақшылардың ұйғарымын орындауға шенеунік еш асықпаған. Айта кетейік, осыдан бірер күн бұрын қалалық автокөлік жолдары бөлім басшысының үстінен де полиция департаменті арыз түсірген еді. Онда да осы жолдардың жайы айтылған. Ал сот айыпты деп таныған бөлім басшысы Жанболат Құсмұхамбетовтың өзі қазір жұмысында жоқ. Денсаулығына байланысты ммделіп жатыр екен.
Гүлзия Борашова, Ақтөбе облысы мамандандырылған әкімшілік соты кеңсесінің бас маманы:
- Әкімжанов көшесі Әз-наурыз көпірінде шұңқырларды осы жылдың 26-ақпанына дейін жөндеу туралы нұсқама шығарылған. Алайда Құсмұхамбетов лауазымды тұлға бола тұра, белгіленген мерзімде нұсқаманы орындамаған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram