Аспанда сәуле жарқ етіп жоқ болды
Еліміздің бірнеше өңірінде тұрғындар таңғажайып көріністің куәсі болды. Аспанда жарық еткен үлкен сәуле пайда болып, қайта жоғалып кеткен. Астрономиялық нысанның жарқылы небәрі бірнеше секундқа қана созылған. Тұрғындар ол көріністі видеоға түсіріп үлгеріпті.
Автор: Руслан Әбдіхалық
07.04.2021
Жарық сәуле жұрттың көзіне кеше түнгі сағат 12 шамасында көрінген. Кейбір тұрғын метеорит құлады деп қорықса, кейбірі өзге ғаламшарлықтар қонаққа келді деп әзілдесіп жатыр.
Ұлттық космостық зерттеу орталығының мамандары көпті даурықпауға шақырды. «Бұл бірнеше күн бұрын ғарышқа ұшырылған зымыранның бөліктері болуы мүмкін», - дейді. Мұндай құбылыс Қырғызстанда да байқалған. Енді сол елдің төтенше жағдайлар министрлігі белгісіз нысанның құлаған жерін іздеп жатыр екен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!