{metadescription}
«Қамқорлық» жобасының арқасында 1 186 бала оңалту курсынан өтті
«Қамқорлық» жобасының арқасында 1 186 бала оңалту курсынан өтті

«Қамқорлық» жобасының арқасында 1 186 бала оңалту курсынан өтті

Елбасының бастамасымен қолға алынған «Қамқорлық» жобасы аясында 1 186 бала оңалту курсынан өтті. Жеткіншектердің барлығы төрт ай бұрын 8 өңірде ашылған «Қамқорлық» оңалту орталығында ем қабылдаған. Алдағы уақытта игі бастаманың екінші кезеңі жүзеге асырылып, тағы 10 орталық ашу көзделіп отыр.

Ұзынағаш кентінде төрт ай бұрын ашылған «Қамқорлық» оңалту орталығында қысқа уақытта дамуында ерекшелік бар 126 бала ем қабылдап үлгеріпті. Тіпті үш кішкентайдың тұсауы кесіліп, қаз-қаз басып кеткен. Ал инновациялық технологияларға негізделген кешен медициналық емдеу шаралары, түзету сабақтары және ойын-сауық секілді оңалтауға арналған бөлмелермен қамтылған.  

Әсел Саурықова, «Қамқорлық» оңалту орталығының меңгерушісі:

Осы кезге дейін біздің ауданымызда осындай орталық болмағандықтан, балаларымыз Нұр-Сұлтан, Алматы қаласында ем-шара алу үшін жылдап, айлап портал күтетін. Қазір балаларымыз үйдің жанында, ешқайда алысқа  бармай-ақ, үзздіксіз ем алып жүр.  

Заманауи кешенде сал ауруына шалдыққан және жүйке, жүрек-қан тамырлары жүйесі мен тірек-қимыл мүшелерінің ақауы бар жеткіншектерден бөлек тілі шықпаған бөбектерге де көмек көрсетіледі. Ал оңалту орталығының тіршілігімен танысқан Нұрсұлтан Назарбаев қорының директоры,  Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаеваның айтуынша, Елбасының бастамасымен бой көтерген мекеме талай баланың өмірге деген құлшынысын арттырады.  

Дариға Назарбаева:

- Сол кісі бізге тапсырма бергеннен кейін, бәріміз жабылып осындай мекемелерді салып жатырмыз. Сіздерге арнап. Жақсы, жақсылап емдел. Бәрі артта қалсын, жарай ма?

Көңілі күпті ата-аналарды қуанышқа кенелткен жобаға Алматы облысының әкімі Амандық Баталов та қолдау білдіріп келеді. Орталықта облыстағы өзге аймақтардан келетін балалар да оңалту курсынан өте алады.

Құрбангүл Ергешева, Жамбыл ауданының тұрғыны:

- «Қамқорлыққа» келгенімізге 17 күн болды. Алты жастағы немеремді алып келдім. Аузынан су ағады, сөйлей алмайды. «Апа», «атаны» айта алады. Басқа сөз қосып айта алмайтын. Құдайға шүкір, жақсы. Аузының суы тыйылды. Қимылы жақсы. Рақмет!

Былтыр ел бойынша «Қамқорлық» жобасы аясында 8 оңалту орталығы ашылған. Осы аралықта 1 186 бала ем қабылдап шықты. Енді шағын қалалар мен аудан орталықтарында тағы 10 оңалту кешенін ашу жоспарланып отыр. Сөйтіп игі істің екінші кезеңі жүзеге асырылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.