{metadescription}
0:000:00
Соңғы тәулікте коронавирустан – 48, пневмониядан 6 адам өлді

Соңғы тәулікте коронавирустан – 48, пневмониядан 6 адам өлді

Ауру айылын жимай тұр. Елде соңғы тәулікте коронавирус жұқтырғандар қатары тағы 5648 адаммен толығып, жаңа антирекорд тіркелді. Бұл кешегімен салыстырғанда 500 науқасқа көп. Сынама қорытындысы Нұр-Сұлтан қаласында ковидті көп көрсетіп жатыр.

Елордада бір күнде 1549 азаматта вирус бары расталды. Антирекордта Алматы да қалыспады. Мегаполисте дерт дендегендердің саны 885 адамға өсті. Бір аптада көрсеткіш екі есеге артқан. Шаһардың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин вакцина салдырмауға үгіттеудің соңы осындай статистикаға әкелді деген пікірде. Оның айтуынша, жансақтау бөлімінде жатқандардың бәрі екпе қабылдамағандар.

Жандарбек Бекшин, Алматы қаласының бас санитар дәрігері:

- Жүз пайызға жуық ауырғандардың саны, олар вакцинациядан өтпеген. Екпе алмаған. Сондықтан ауырып жатыр. Тағы да қайталайын, бұл ауру өте ауыр түрде өтіп жатыр. Көбінесе осындай асқынумен. Өкпесіне зиян тиіп жатыр.

Апта басынан бері өршіген аурудың әзірге тізгінін тартар түрі жоқ. Тәулігіне КВИ жұқтырғандар жүздеп емес, мыңдап артуда. Өкінішке қарай, соңғы 24 сағат ішінде коронавирустан 48, пневмониядан 6 адам бақилық болды. Қазір үш қала мен 10 облыс «қызыл» аймақта.

Жалпы індет елге келгеннен бері осы кеселге душар болғандардың саны 500 мыңдық межеге жақындап қалды. Оның ішінде 423 996 адам аталмыш вирустан құлан-таза айығып шықты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде