{metadescription}
Әйелін жиі ұрып-соғатын еркектерге қатер төнді
Әйелін жиі ұрып-соғатын еркектерге қатер төнді

Әйелін жиі ұрып-соғатын еркектерге қатер төнді

Елімізде әйелін жиі ұрып-соғатын еркектер татуласу мүмкіндігінен айырылуы ықтимал. Ішкі істер министрлігі тұрмыстық зорлық-зомбылық қайталанған жағдайда тараптардың екінші рет ымыраласуына жол бермеу керек деген бастама көтерді.

Мұндай ұсынысқа кері қайтарылған өтініштердің тым көптігі себеп. Мәселен, былтыр 190 мың шағым тіркелген. Олардың жартысынан көбі бітімгерлікпен аяқталыпты.

Алексей Милюк, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары:

- Жәбірленуші өзінің жұбайына психологиялық және қаржылық жағынан тәуелді болып, шағымынан бас тартып, татуласып жататын жағдайлар жиі кездеседі. Өткен жылы қозғалған барлық әкімшілік іс жүргізудің 60 пайызы тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды. Болашақта біз зорлық-зомбылық фактілері бірнеше рет жасалған болса, татуласу мүмкіндігін мүлдем алып тастауды жоспарлап отырмыз.

Дегенмен қазірдің өзінде полиция екі тарапты татуластыру үшін істі тоқтата алмайды. Жыл басынан бері бұл өкілеттік соттарға берілген-ді.

Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағандарға кесілетін жаза мәселесі қайта қаралады. Балаларды немесе жүкті әйелді азаптағандар енді үш жыл емес, 4 жылға бас бостандығынан айырылады. Ал отбасылық жанжал кезінде жеңіл дене жарақатын салғандар әкімшілік жауапқа тартылып, 10-15 тәулікке дейін қамауға алынады.  Бүгінде полицейлер қол жұмсауға бейім азаматтарды отбасына бір айға дейін жолатпайды. Тіпті бала-шағасымен телефон арқылы хабарласуына да мүмкіндік бермейді. Осындай өзгерістердің арқасында биыл қылмыс саны төмендепті. Елде зорлық-зомбылыққа ұшырайтындар азайды ма әлде әйелдер отбасындағы жағдайды жасыратын болды ма – сол жағы түсініксіздеу.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 тамыз

29 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде